Педагогика | Адамның басқа қасиеттері

 Педагогика | Адамның басқа қасиеттері

Мазмұны

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
ІІ.1 Қабілеттер концепциялары
ІІ.2 Нышан және қабілет
ІІ.3 Педагогтық қабілет және оның құрылымы
ІІ.4 Қабілеттердің жеке адамның басқа қасиеттерімен өзара
байланысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Қабілет. Қабілет жайында жалпы түсінік
Адамның қабілеті жайлы сөз болғанда оның іс-әрекеттің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері есте болады. Мұндай мүмкіндіктер іс-әрекеттерді меңгеруде айтарлықтай табысқа, еңбекте жоғары көрсеткішке жетуге әкеледі.
Біркелкі тең жағдайларда (дайындық деңгейі, білім, дағды білік, жұмсалған уақыт, ақыл-ой дене күші) қабілетті кісі - қабілеті төмендеу адамға қарағанда істе мейлінше жақсы нәтиже көрсетеді.
Қабілетті адамның жетістігі - оның жүйкелік психикалық қасиеттері кешенінің іс-әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып табылады.
Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса - онда іс-әрекетгі табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса - онда индивидте қабілет болмағаны.
Міне, сондықтан қабілетті адамның басқа бір қасиетімен (заттың түстерін жақсы айыру, пропорция сезімі, музыкалық есту т.б.) шатастыруға болмайды. Қабілет әр кезде де - жеке адам қасиеттерінің жиынтығы.
Сөйтіп қабілетті іс-әрекет талабына сай және онда жоғары көрсеткішке жетуде қамтамасыз етуде жеке адам қасиеттерінің бірігуі деп анықтауымызға болады.
Қабілет қоғамдық және жеке адамдық зор мәнге ие . Экономика мен ғылымның, өнердің дамуында әлеуметтік объективтік жағдайлармен қатар адамдардың қабілеттері де маңызды орын алады. Осы айтылғандармен қатар қабілеттілік адамның дамуын жеделдетеді, еңбекте шығармашылық табысқа жеткізеді, оған материалдық және рухани ләззат береді.

Қабілеттің құрылымы. Қабілеттің әрқайсысының құрылымы бар, ондағы басты және жетекші қасиеттерді айыруға болады. Мәселен, сурет өнерінің тірек қасиеті - әрекет үстінде дамып жетілетін көру талдағыштарының жаратылысынан ырғақты, бояуды, жарық пен көлеңкені, форманы, пропорцияны, сызықтарды жоғары дәрежеде сезгіштігі. Тірек қасиеттерге суретші қолының сенсомоторлық сапалары да, сондай-ақ дамыған бейнелік ес те жатады. Жетекші қасиеттерге көркем шығармашылық қиялдау қасиеттері жатады. Солардың арқасында өмір құбылыстарындагы негізгі, елеулі нәрселер көзге түседі, жалпылау жэне типтендіру жүзеге асады, тың композиция жасалады. Белгілі бір эмоциялық күй және қабылданатын суреттелетін құбылысқа деген эмоциялық қатынас осындай қабілетке қажетті фон міндетін атқарады.
Қабілет деңгейі. Қабілеттердің құрылымы - жеке адамның дамуына тәуелді. Қабілеттердің дамуын репропродуктивтік және шығармашылық деп аталатын екі деңгейге беледі. Қабілет дамуының бірінші деңгейіндегі адам - білім игеруде, іс-әрекетті меңгеруде, оны белгілі үлгіде жүзеге асыруда жоғары іскерлік көрсетеді. Қабілеттің дамуының екінші деңгейінде - адам жаңа, соны туынды жасай алады.
Әрине, бүл деңгейлерді метафизикалық тұрғыдан қарастыру дұрыс емес. Біріншіден, репропродуктивтік әрекеттің қандай түрінде де шығарманың элементі болады, ал шығармашылық әрекетке репропродуктивтік енеді, мұнсыз шығарма болмайды. Екіншіден, қабілет дамуының аталмыш деңгейлері өзгермейтін қатып қалған нәрсе емес. Білімді және іскерлікті игеру үрдісінде, іс-әрекет үрдісінде деңгейлердің біріншісінен екіншісіне "ауысып" отырады, осыған орай оның қабілетінің құрылымы да өзгеріске түседі. Тіпті өте дарынды адамдардың өздері де өмір жолын біреуге еліктеуден бастағаны, тек тәжірибеге ие болғаннан кейін ғана шығармашылыққа ауысқаны белгілі.
Қабілеттің дамуы мен көрінісінің ең жоғары деңгейі - "талант", "дана" деген терминдермен аталады. Талантты және дана адамдар өнерде, ғылымда зор қоғамдық мәні бар нәтижеге жетеді. Дана адам әдебиет, өнер, өндіріс, ғылым саласында бұрын сонды болмаған, соңғы жаңалықтар ашады. Талантты адам да жасампаз, бірақ өзіндік жаңалықты белгілі идеялар, бағыттар, зерттеу тәсілдері шеңберінде жасайды.
Таланттылық - даналықтың қалыптасуына аса қолайлы жагдайлар, жеке адамның жан-жақты дамыған кезінде туады. Мэселен, Леонардо да Винчи, Гете, Ломоносовтар шығармашылық қызметтегі даналықтың жэне адамның жан-жақты дамуының үлгісі болып табылады.
Қабілет түрлері. Қабілетті осындай деңгейлермен қоса оның бағыт-бағдарына, мамандық ерекшеліктеріне қарай түрлерге бөлу қажет. Әдетте, психологияда осы бағытта жалпы және арнаулы қабілеттерді зерттейді.
Жалпы қабілет ретінде жеке адамның білім меңгерудің жеңіл де нәтижелілігін салыстырмалы түрде қамтамасыз ететін интеллектуалды қасиеттер жүйесі ұғынылады.
Арнаулы қабілет - іс-әрекеттің, мәселен, әдебиет, сурет өнері, музыка, сахна өнері т.б. арнаулы салаларда, жоғары нәтижеге жетуге жәрдемдесетін жеке адам қасиеттерінің жүйесі.
Қабілеттің аталған осы екі түрінен басқа практикалық іс-әрекетке қабілеттілік дейтін үшінші түрін де атауға болады. Бұған конструктивті-техникалық, ұйымдастырғыштық, педагогтық қабілеттер кіреді. Қабілеттердің осындай жіктелуінің негізінде іс-әрекеттің жекеленген түрлерінің (ғылым, өнер, практика) адамға қоятын өзіндік талап, тілектерін ажырата білушілік жатады.
Өмір шындығының керсетуі басқаша. Біріншіден, арнаулы қабілеттер жалпы, ақыл-ой қабілеттерімен табиғи байланыста. Адамның жалпы қабілетінің жақсы жетілуі - оның арнаулы қабілетінің өрістеуіне ішкі жағдай туғызады. Арнаулы қабілеттер өз тарапынан белгілі жағдайларда ақыл-ойдың (интеллект) дамуына жақсы әсерін тигізеді.
Екіншіден, әр түрлі: әдеби, математикалық, ғылыми, өнерлік қабілеттері жоғары дәрежеде дамыған жеке адамдар аз кездеспейді. Бүл жайт қабілет түрлерін бір-біріне қарсы қоятын концепциясының жалған екендігін көрсетеді.
Үшіншіден, практикалық қабілеттер шығармашылық эрекетте жоғары деңгейде дамыған интеллектісіз дамымайды және іс жүзіне аспайды. Мәселен, адамның конструктивтік-техникалық қабілеті көбіне үлкен ғылыми дарынмен байланысты, дарынды өнертапқыш жиі-жиі өндіріске ғана емес, ғылымға да жаңалық енгізеді. Дарынды ғалымда үлкен конструкторлық қабілетте болуы мүмкін (Жуковский, Циолковский, Эдисон, Фарадей т.б.).
Сөйтіп іс-әрекеттің қай-қайсысы да қабілеттің жалпысына да, арнаулысына да белгілі бір талап қояды. Адамды тар өрісті мамандыққа баулудың, қабілет аясын тарылтудың дұрыс емес екені осыдан шығады. Тек жеке адамның жан-жақты дамуы ғана жалпы және арнаулы қабілеттің көрініс беруіне, қалыптасуына кемегін тигізеді. Бұдан, әрине, адам қабілеті мен бейімділігі байқалған салада маманданбауы керек деген қорытынды шықпайды.
Демек жіктеудің ақиқатты негізі бола тұрса да қабілеттердің нақты түрін талдайтын жеке жағдайдың әрқайсысында жалпы және арнаулы компоненттері ескерілуі тиіс.
Қабілеттер концепциялары
Қабілеттердің туқым қуалау теориясы. Психологияда қабілеттердің үш концепциясы бар. Олардың бірі - қабілеттері жеке адамның биологиялық анықталған қасиеттері, олардың көрініс беруі және дамуы атадан мұра болып қалған қорға тәуелді екенін қолдайды. Мұндай пікірді психологтар ғана емес, сондай-ақ ғылым мен өнердің (математиктер, жазушылар, суретшілер) кейбір өкілдері де қуаттайды. Мұның біріншілері өз көзқарастарын нақты зерттеулерден алған деректермен дәлелдегісі келеді. Мәселен XIX ғасырда өмір сүрген Гальтон таланттың тұқым қуалаушылық жолымен болатынын көрнекті қайраткерлердің өмірбаяндарын зерттеу арқылы дәлелдегісі келген. Гальтонның көзқарасын ілгері дамытқан Котс адамдардың деңгейін белгілі адамдарға энциклопедиялық сөздікте берілген орын саньшен анықтаған. Гальтон мен Котс талант түдым қуалайды, ал қоғамның айрықша жағдайлы топтарының екілдерінде мұндай мұра ерекше мол деген тұжырымға келген.
Осы ғалымдардың зерттеу әдістемесі мен ғылыми сынды көтере алмайтындығын, ал тұжырымдарының бір жақтылығын айта кету керек. Халықтан шыққан атақты адамдар есімінің тарихта аз болу себебі - нағыз талант иелерінің, тіпті даналардың аштықтан, әділетсіздікпен күрес жолында қаза болуынан танылмай қор болып өткендігінен деп түсіну қажет.
Қабілеттілік адаммен бірге туады дейтін концепцияның соңғы кездегі өкілдері өз пікірлерін бір аналық ұрықтан пайда болған егіздерді зерттеу арқылы дәлелдеуге тырысуда.
Қабілеттілік тұқым қуалайды дейтін көзқарастың шындықпен сәйкес еместігін өмір шындығы көрсетіп отыр. Мұнымен бірге атақты адамдардың өмірбаяндарын объективті тұрғысынан талдау - көп жағдайда, көрнекті адамдардың ерекше дарыны жоқ отбасынан шыққандығын, сондай-ақ атақты адамдардың балалары мен немере-шөберелері дарындылық көрсетпегенін дэлелдейді. Бұған бірнеше музыкант пен ғалымдар отбасы ғана жатпайды.
Батыс Германия теоретигі Г.Вальтер өзінің "Қабілетті балалардың мектеп қабырғасында өту жолының әлеуметтік айырмашылықтары" дейтін еңбегінде қабілеттіліктің өскен ортаға тәуелділігі шамалы, ол түгелдей әуелде орын тебетіндікке, яғни, тұқымқуалаушылыққа байланысты деп жазды. Сөйтіп, жеке адам қасиеттері тұқым қуалайды деген теориясымақ даму мәселесін жоққа шығарады.
Батыс Европаның кейбір прогресшіл пиғылдағы ғалымдары да тұқым қуалау теориясына қарсы екенін атап өткен жөн. Мәселен Швейцария психологы В.Бобен осы жасанды доктринаға орай тәрбие шараларынан бас тарту қылмыс болар еді деп атап айтқан. Алдыңғы қатарлы ағылшын педагогы Саймон реакциялық теорияға бұдан да батыл және принципиалдылықпен қарсы тұрады. "Кеп типті мектепке оқушыларды іріктеп алу жүйесі негізінен таптарға бөлінген қоғамға қызмет етеді". Онда өзінің барлық азаматтарының қабілетін пайдалануға жағдай жоқ, сондықтан да олардың дамуына шек қойылады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы саудада өндірісте, азаматтық қызметте, армия мен юриспруденцияда жоғары қызметтердің барлығы да негізінен адамдардың шағын тобының еншісіне тиетіндей болып құрылған".
Ағылшын биохимигі С.Роус адам қабілетінің дамуына биологиялық жағдайлардан гөрі әлеуметтік жағдайдың кедергісі мол дейді. Шынында да, қоғамда әлеуметтік жағдайлар жеке адамның дене, ақыл-ой, мамандық жағынан дамуына кедергі жасайды. Осындай пікірге агылшын психологы Д.Киджен де қосылады, ол тәрбие - адамның дамуында шешуші орын алады дейді.
Қабілет жайлы бірінші концепцияға қарама-қарсы екінші концепция - қабілетті түгелімен орта мен тәрбие анықтайды. Мәселен XVIII ғ. Гельвеций тәрбие арқылы даналықты қалыптастыруға болады деп жариялады.
Соңғы кездердегі көрнекті американ ғалымы У.Эшби қабілет, тіпті данышпандықтың өзі де - өмірде жүре пайда болған қасиеттермен, атап айтқанда, балалық шақта, одан кейінгі кезеңдерге, білім алу үрдісінде саналы түрде ақыл-ой әркетінің бастапқы және кейінгі бағдарламасын қалай қалып алғандығымен анықталады дейді. Біреулерге бағдарлама - шығармашылық міндеттерді шешу, ал енді біреулерге тек репродуктивтік міндеттерінің шешу міндеттерін береді. Эшби еңбекті қабілеттің екінші факторы деп санайды. Мың рет сәтсіздікке ұшырап, мың бірінші рет жаңалық ашқан - қабілетті, ал екінші реттен соң мәселені шешпей тастайтын адам - қабілетсіз дейді ол.
Сырт қарағанда екінші концепция жеке адамның дамуына шек қоймайды, адамның мүмкіндіктеріне күмән туғызбайды. Бірақ бұл теориямен бұрын да, қазір де ғылыми келіспеушіліктер бар.
Қабілеттегі табиғи және жүре ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!