Психология | Қабілет саласындағы жеке айырмашылықтар

 Психология | Қабілет саласындағы жеке айырмашылықтар

Мазмұны
Кіріспе
І тарау Мектеп жасына дейінгі кезеңде бала қабілетін дамыту
1.1. Қабілет туралы жалпы ұғым.
1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуындағы қабілеттің рөлі
1.3. Мектепке дейінгі баланың қабілетін дамытудағы іс-әрекеттің рөлі ІІ тарау Қабілет саласындағы жеке айырмашылықтар.
2.1 Қабілет саласындағы жеке айырмашылықтар.
2.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін қалыптастыру
2.3. Мектеп алды тобындағы балалаларды зерттеу міндеттері.
Л.С. Выготскийдің «Жалпылап айт» әдістемесі және Е.Е.Кравцовтың «Кім үлкен» әдістемесі ІІІ тарау Дарындылық.
3.1. Дарын және қабілеттілік,олардың диагностикасы.
3.2. Дарындылық қабілеттер жүйесінің көрінісі ретінде
ІV. Қорытынды.
V. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. А.Сент де - Экзюпери айтқандай өмірде қанша Бетховен, Шопен ешкімге танылмай өтіп кетіп жатыр, себебі, туған кезде әр адамның бойында « Құдай берген» қаншама қабілет, дарын нышандары бар болады, кейіннен ол кереметтер дамымай , жоғалып кетеді. Оның үстіне қоғамдық әлеуметтік, мемлекеттік, саяси қалыптар оларды бір үлгіден шыққан бірыңғай ойлы, бірыңғай пікірлі, бірыңғай жігерлі «қуыршақтарға» айналдыруға тырысады.
Ал, дамыған, гүлденген мемлекеттер өз азаматтарының бойындағы қабілет пен дарынның көзін ашып,осы қасиеттердің табиғатын зерттеп, өмірге жолдама беруге ұмтылады.Қазақстан Республикасында осындай үрдіске жол ашылып келеді.Сондықтан, бұл проблема - өте өміршең деп айтуға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақта – « Бұлақ көрсең- көзін аш» деген ғұлама сөз бар.Келешек психолог мамандарға осы жолда ауадай қажет теориялық және практикалық жәрдем беру.
Курстық жұмыстың міндеттері.Осы бағыттағы дәстүрлі және заманауи білімді таңдау, негізгі бағыттарды айқындауды үйренудің маңыздылығын көрсету.
Зерттеу пәні.Қабілетті тану, дарынды тәрбиелеу жолдарын айқындау.
Зерттеу объектісі.Әр адамның өз бойындағы, шәкіртінің бойындағы қабілетті,дарынды дамытып, қалыптастыру.
Зерттеудің теориялық мәні. Осы бағыттағы отандық және шетелдік, яғни әлемдік білім қорынан сусындау,ой-пікір түюге жол ашу.
І тарау Қабілет, нышан және оларды дамыту.
1.1. Қабілет туралы жалпы ұғым.
Күнделікғті ауыз екі сөзде «Қабілет» деген атауды жиі қолданамыз.Мәселен мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып,осы баланың математика пәніне, қабілеті күшті екенін айтады.Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктеледі олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық,үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып,бұған ерекше мән беріліп отырылады.Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатын байқатады. Мұндай ерекшеліктер әс - әрекетті орындау үстінде, әсәресе оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолына алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны өте нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте баяу қимиылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бүл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр.
Қандайда болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді дегенде теңдік деп адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттіктерінің бірдейлігін түсінеді.
Бұл мағанада алғанда адамдардың тең емес екендігін түсінікті. Қабілеттіктің өлшемі – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуыда. Қабілет адамның іс - әрекетінің белгілі – бір түріне,, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің ( музыкалық саңылау, түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі т.б.) қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.
Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады.
Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оны тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабілеті де ойдағыдай дамып отырады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының ( тіпті ол жақсы оқитын оқушы болса да ) үлгеріміне көңілі онша тола қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бұдан да гөрі жақсы оқи алар еді – ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім қолынан істесе, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажірлі әрекетке бойын жөнді ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр.
Оқу - тәрбие процесінде қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мұғалімдерді педагогикалық қателерге ұшыратуы да мүмкін. Мұны дәлелдейтін мысалдар көп. Сурет академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы қабілеті ерте көрінгенмен де, сурет салуға қажетті дағды білімі болмаған.Сондықтан да ол академияға қабылданбаған.Академияның мұғалімдері Суриковтың сурет өнеріне тиісті білімі мен дағдысының жоқтығына қарап,оның зор қабілеттілігін көре алмай,үлкен қате жіберген.Кейін ол өзінің зор қабілетінің арқасында сурет өнеріне қажетті білім мен дағдының екі-үш ай ішінде меңгереді де, академияға түсуге право алады. Бұл жайт академиялардың Суриков жөніндегі пікірлері жаңсақ болғандығын, аңғартады. Бұл мысал адамның қабіліттілігі білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатынын, сондай-ақ балардың қабілеттерін дұрыс байқай алып,онымен санасып отырудың қажеттілігіне мұғалімдердің зер салуын керек етеді.
Қабілет негізінен екіге бөлінеді.Адамның ақыл- ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады.Ақылдың орамдылығымен сыншылдығы,материалды еске тез қалдыра алу, зейінділікпен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б.осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.
Іс-әрекеттің салаларында ғана көрініп,оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актёрдің, спортшының, математик-ғалымның ақын жазушының қабілеттерін жатқызуға болады.
Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр.Бұған ұйымдастырғыштық ,педагогтық конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс - әрекеттің басты салаларына орайлас бөліне,ді.
Адам қабілетінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына ғылыми техникалық прогрес байланысты болып отырады. Мәселен, капитализім қалыптасып келе жатқан дәуірде, ғылымның сан алуан салаларының дамуына буржуазиялық қоғам кең өріс беріп отырады.өйткені қауырт дамып келе жатқан капиталистік өндіріс барған сайын жаңа ғылыми білімдерді талап ете бастады. Мұның өзі білімді адамдардың көбейе түсуіне қолайлы жағдай туғызды. Сол кездері жан – жақты қадбілетті, аса дарынды адамдар көп болды. өйткеғні бұл қоғамның қажетінен туған құбылыс еді. Ф. Энгельс «Қайта гүлдену бәуірінде» берген сипаттамасында сол дәуірді: «күшті ой өрісі, құштарлығымен сипаты, сан қырлылығымен, ғылымдағы жағынан алыптарды туғызған заман болды.» ол кезде алысқа сапар шекпеген, төрт бес тілде сөйлемеген, творчествоның бірнеше саласында жарқырап көзге түспеген бірде – бір адам болған жоқ дерлік еді. Леонардо да Вичи ұлы художник болып қана қойған жоқ, сонымен қатар ұлы математик, механик және инженер болды, физиканың сан алуан тарауларында табылған маңызды жаңалықтар соның арқасы. Альберхт Дюрер сүйретші, грабер, скульптор, архитектор болды, оның үстіне өзінің кейбір идеялары бар фортификация системасын ойлап тапты. Бұл идеяларды көп заман өткеннен кейін барып Монталамбер және фортификация жайындағы ең жаңа неміс ілімі қайтадан көтеріліп кетті. Макиавелли мемлекет қайраткері, тарихшы, ақын болды, оның үстіне жаңа замандағы ауызға алуға лайықты бірінші әскери жазушы болды. Ол замандағы геройлар кісінің өрісін тарылтатын, сыңар жақтық туғызатын, олардың із басарларының бойынан ықпалы бізге сондай жиі байқалып жүрген еңбек бөлінісінің құлдары бола қойған жоқ . Ф. Энгельс айтып отырған орта ғасырдағы «қайта гүлдену» ХХ –ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында да белеңі алған еді. Осы кездегі тарихи аренаға жан – жақты қабілетті адамдар Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, Х. Досмухамметов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Шоқаев, М. Жұмабаев, т,б, шыққаны белгілі.
Адам қабілеттерінің жан – жақты жетілуі еңбектің ескі бөлінісін яғни ой еңбегі мен дене еңбегі болып бөлінуін, сөйтіп адамның белгілі бір кәсіпке немесе мсамандыққа танылып қоюын бірте – бірте жоюды көздейді. Әрине бұдан еңбектің түрлі салалары жойылып кетеді деген мағына тумайды. Еңбектің сан алуан түрлерінің ұштасуы адамның дене күшінің де, рухани күшінің де дамуына себепші болады, адамның білімі, шеберлігі, іс - әрекетінің түрлі саласындағы айрықша дамыған тәжірибе мен білім икеиі дұрыс ұштасқанда ғана білім, техника, әдебиет пен өнер саласында адамның қабілеті мен дарыны, таланты дамып оның ойдағыдай өрістей түсуіне кең мүмкіндіктер жасалады.
1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуындағы қабілеттің рөлі
Балалардың психикалық дамуында жеке дара елеулі ерекшеліктер болады. Бұл айырмашылықтар ең алдымен психикалық дамудың қарқынына байланысты. Қандай да бір мәдениет жағдайында тәрбиеленген балаларда дамудың жасқа байланысты дағдарыстарының пайда болуының, дамудың бір кезеңінен екіншісіне өтудің белгілі орташа мерзімі болады. Жекелеген балаларда бұл мерзім не едәуір ерте, не едәуір кейін пайда болуы мүмкін. Іс-әрекеттің жекелеген түрлерін игеру қарқынында, психикалық процестер мен сапалардың дамуында бұдан да зор айырмашылықтар болуы мүмкін. Кейбір бала төрт жасында ешкім түсініп болмайтын әлдебір «шатпақ» сурет салса , ал екіншісі үйдің жанында тұрған адам суретін бейнелейді. Біреуі зейіннің тұрақсыздығын, алаңғасарлығын көрсетсе, ал екіншісі зейінін шоғырландырып, бірнеше сағат бойы сүйікті ісімен шұғылданады.
Балалар даму қарқынындағы айырмашылықтармен қатар, жасы өскен сайын жеке дара психологиялық сапалардағы: қызығуларындағы,мінез-құлық белгілеріндегі, қабілеттеріндегі- айырмашылықтар пайда болып ұлғая түседі. Алуан түрлі шексіз сұрақтар беретін,білуге құмар, ақыл-ойы жүйрік балалар бар, жөнді ештеңемен айналыспайтын енжар балалар да болады. Қыңыр мінез, ашуланшақ балаларда байсалды, мейірбан балаларға қарама-қарсы мінез қалыптасқан. Мектеп жасына дейінгі кейбір балалардың музыкаға (естіуі, ырғақты сезінуі),ал басқаларында – математикаға қабілеті байқалады. Математикаға қабілеті барлар бес – алты жасында-ақ едәуір қиын арифметикалық есептерді т.б. шығарады.
Балалар арасындағы жеке-дара психологиялық айырмашылықты қалай түсіндіруге болады деген сұрақтың тәрбие мәселесін әркіммен жеке-дара жүргізу үшін зор маңызы бар.Бұл сұраққа жауап беру үшін өзімізге бұрыннан таныс психикалық дамудың табиғи жағдайларына (нерв жүйесінің құрылымы мен функциясына, оның жетілу процесіне) және тұрмыс пен тәрбиенің қоғамдық жағдайына қайта оралу керек. Бірақ енді бұл жағдайларды екінші жағынан – олардың жекеленген балалардың дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға тигізетін әсері тұрғысынан қараған жөн. Балалар,сөз жоқ, өзара табиғи ерекшеліктері арқылы ажыратылады. Мысалы, жаңа туған нәрестелердегі шартсыз рефлекстердің өзі әр түрлі дәрежеде көрінеді. Түрлі нәрестелердің шартты рефлекстері түрлі жылдамдықпен пайда болады.Көру тітіркендіргігтеріне бағдарланатын реакция басым көрінетін сәбилер бар, екіншілері терісіне тигенге неғұрлым әсерленгіш келеді. Сірә, кейбір табиғи ерекшеліктер тұқым қуалаушылық жолымен, басқалары ана құрсағындағы кезеңіндегі қандайда бір даму жағдайының нәтижесінде пайда болдады.
Мидағы түрлі атаулы ақаулар- тұқым қуалайтын аурулар, дұрыс жетілмеу, туу үстіндегі зақымдар- психикалық дамудытежеуге әкеліп соқтырады, ал ерекше қиын жағдайда оны тоқтатып тастайды. Осыдан келіп, кейде өте тез немесе тм айқын өтетін психикалық даму да, шамадан тыс қабілеттің пайда болуы да мидың әлдебір туа біткен ерекшеліктеріне байланысты болады деп есептейді. Баланың жеке-дара психологиялық сапалары, алдымен бүкіл қабілетті тұқым қуалай ма дегенді анықтау үшін ғалымдар көп күш жұмсады. Осы мақсатпен аса көрнекті адамдардың тегі зерттелді. Көптеген семьяларда ата-аналары, балалары және алыс ұрпағы қандай бір салада белгілі қабілеттілік көрсеткені анықталды.Бұл ретте әсіресе, даңқты композитор Иоганн Себастьян Бахтың семьясы мысал бола алады. (1750 жылы үй іші салтанатына осы семьяның 128 өкілі жиналған еді, оның ішінен 57-сі музыкант болып шыққан) Сонымен бірге көрнекті адамдардың көзге түсерлік қабілетімен ерекшелінген бірдк-бір туысқаны болмаған жағдайлар да аз кездеспейді. Сірә, түгелдей суретшілер, музыканттар «әулетінің» болуын семьялық дәстүрге байланысты деп түсіндіруге әбден болатын сияқты, өйткені кейбір семьяларда тәрбиеге, белгілі қызығушылық пен қабілетті дамытуға қолайлы жағдайлар жасалады.
Психикалық дамуда тұқым қуалаушылықтың адамның жеке басы ерекшеліктеріне тигізетін әсерін анықтау үшін егіз туған балалар да зерттелген. Егіздербір жұмыртқалас және әр жұмыртқалас болады.Бір жұмыртқалас егіздердің барлқ тұқым қуалау қасиеттері бірдей,өйткені олар бір ұрықтық клеткадан тарайды. Ал, әр жұмыртқаластардың тұқым қуалауы әр түрлі.
Балалардың психикалық дамуының түрліше болуына, олардың қабілеттерінің қалыптасуына тұқым қуалаушылық ерекшеліктерінен гөрі тұрмысжағдайындағы, тәрбие мен оқытудағы айырмашылықтар көбірек әсер етеді. Бір жұмыртқалас егіздермен, яғни тұқым қуалаушылығы бірдей балалармен жүргізілген зерттеудің нәтижелері осыны дәлелдейді Ол үшін бес жарым алты жасқа дейінгі бес егіздер іріктеліп алынған. Олар арнаулы балабақшада тәрбиеленді. Барлық балалар егіздің бір сыңары бір топқа да екіншісі басқа топқа енетіндей етіліп, екіге бөлінді. Топтар бөлек үйге орналастырылды, ойнайтын, оқитын жерлері де бөлек болды, бір-біріне тек серуендеу кезінде ғана қатынасты.
Балаларды оқытуда әр түрлі әдістер пайдаланды. Бір топта құрастыру ойындарын ұйымдастырып, текшелерден құрылыс тұрғызуы крек болды. Екінші топтың балалары бөлшекке бөлінбейтін текшелерден жасалған үлгі бойынша, яғни бала әрбір кезде құрастыру шешіміне қажетті тәсілдерді өздігінен іздеуі, құрылыстың қандай да бір бөлімі қандай элементтерден құралған бола алатынын талдауы, қол жеткен нәтижені үлгімен үнемі салыстыра отырып, осыэлементтерді талдауы және араластырып құрастыруы керек.
Әрбір топта бес-он сабақ өткізілген соң барлық балаларға байқау есептер берілді.Олар бөлінетін және қажетті ұсақ-түйектері жоқ бөлінбейтін үлгілер бойынша құрылыс, ойлауы бойынша еркін құрылыс салулары және көптеген арнаулы тапсырмалар орындаулары керек болды.Олар орындауы әр түрлі фигураларды көзбен егжей-тегжей талдауды және ойша кеңітікте елестетіп мөлшерлеуді мысалы, текшелерден салған үйді ойша аударып-төңкеріп оның суретін салуды талап етеді.
Барлық байқау тапсырмаларын орындауда тұтас үлгімен құрылыс салумен айналысқан топ балаларының артықшылығы бірден көзге түсті. Бұл артықшылық тіпті бөлінетін үлгілермен қүұрастырған кезде де,яғни екінші топ үнемі жаттыққан іс-әреетте де көрінеді. Құрастыру ойындары мейлінше творчестволық сипат алған топтағы балалар құрылыстың элементтерін көзбен мөлшерлеуге, олардың арақатынасын, олардың формаларын қабылдауда үлкен дәлдәкке жетті. Құрылысты салмастан бұрын балалр үлгіні мұқият қарап, өлшеп, құрастырып, байқап көріп, содан кейін ғана тапсырманы орындауға кірісті. Басқаша айтқанда, тапсырманы орындауға кіріспес бұрын олар бірсыпыра бағдарлау жұмысын жүргізді, міндетті (қолда бар тектешелердің көмегімен үлгіні шығаруды) шешудің мүмкін жолдарын (текшелерді орналастыру варианттарын) салыстырып көрді.
Сөйтіп, айтпағанның өзінде, балалар құрастыру іс-әрекетіне белгілі қабілеттілікті игерді, ал бұл қабілет басқа жолмен үйретілген егіздің кінші сыңарында жоқ болып шықты. Бұл қабілеттілік бөліп қабылдау мен кеңістікте елестетуді....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!