Психология | Қабілет саласындағы жеке айырмашылықтар

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. А.Сент де - Экзюпери айтқандай өмірде қанша Бетховен, Шопен ешкімге танылмай өтіп кетіп жатыр, себебі, туған кезде әр адамның бойында « Құдай берген» қаншама қабілет, дарын нышандары бар болады, кейіннен ол кереметтер дамымай , жоғалып кетеді. Оның үстіне қоғамдық әлеуметтік, мемлекеттік, саяси қалыптар оларды бір үлгіден шыққан бірыңғай ойлы, бірыңғай пікірлі, бірыңғай жігерлі «қуыршақтарға» айналдыруға тырысады.
Ал, дамыған, гүлденген мемлекеттер өз азаматтарының бойындағы қабілет пен дарынның көзін ашып,осы қасиеттердің табиғатын зерттеп, өмірге жолдама беруге ұмтылады.Қазақстан Республикасында осындай үрдіске жол ашылып келеді.Сондықтан, бұл проблема - өте өміршең деп айтуға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақта – « Бұлақ көрсең- көзін аш» деген ғұлама сөз бар.Келешек психолог мамандарға осы жолда ауадай қажет теориялық және практикалық жәрдем беру.
Курстық жұмыстың міндеттері.Осы бағыттағы дәстүрлі және заманауи білімді таңдау, негізгі бағыттарды айқындауды үйренудің маңыздылығын көрсету.
Зерттеу пәні.Қабілетті тану, дарынды тәрбиелеу жолдарын айқындау.
Зерттеу объектісі.Әр адамның өз бойындағы, шәкіртінің бойындағы қабілетті,дарынды дамытып, қалыптастыру.....
Курстық жұмыстар
Толық