ОРАЗА ҚАЗАСЫ ҚАЛАЙ ӨТЕЛЕДІ?


Оразаның қазасын қалай өтеу керектігі жөніндегі сауалдардың ең маңызды дегенін сұрақ-жауап айдарымен беруді жөн көрдік. 

1. Ораза қазасы немесе қарызы. Оны қалай өтейді?

Жауап: Ораза қазасын Ораза айттың екінші күнінен бастап өтеуге рұқсат етіледі.

2. Ораза қазасы қай кестеге қарап өтеледі?

Жауап: Рамазан айынан кейін оразаның қазасын өтейтін адам күнделікті намаз кестесін негізге алады. Таң намазы кірген уақыт – ауыз бекіту уақыты, сол уақытқа дейін сәресін ішіп-жеуге рұқсат.  Ал ақшам намазы уақытының кіруі ауыз ашар уақытын білдіреді.

3. Қаза оразаға ниет қалай жасалады?

Жауап: Қаза оразасының арнайы ниет-дұғасы жоқ. Мәсәлен былай ниет етуіне болады: "Ниет еттім Алла ризалығы үшін осы жылғы Рамазан оразасынан қалған пәлен күндік (мысалы, алты күндік) қаза оразаның бірінші күнін өтемекке (немесе екінші, үшінші)".

 

4. Қаза оразаны қай уақытқа дейін өтеу керек?

Жауап: Ханафи мәзһабында Рамазан оразасының қазасын өтеу уақыты шектелмеген. Яғни, келесі Рамазан айына дейін немесе одан кейінгі уақытта да өтеуге рұқсат етіледі. Дегенмен, мейлінше тезірек өтеген жөн.

5. Қаза ораза күндер оразасын үзбей ұстау керек пе?

Жауап: Үзбей ұстау мәселесі – 60 күндік кәффәрат оразасына қатысты. Ал қаза оразаларында үзбей ұстау шарты қарастырылмаған. Бөліп-бөліп өтеуге болады.

6. Қаза оразасын әдейі бұзған жағдайда, 60 күн кәффәрат оразасын ұстау керек пе?

Жауап: Қаза оразаны әдейі, себепсіз бұзу – күнә. Әйтсе де, кәффәрат өтемейді. Сол күнді қайтадан ұстайды.

7. Қаза оразасы бола тұра, нәпіл ораза ұстауға бола ма?

Жауап: Ханафи мәзхабы бойынша, рұқсат етіледі. Дегенмен, алдымен қаза оразаны тезірек өтеп алу жағына мән берген абзал.

8. Қаза оразаны үш күн айт біткен соң ұстау шарт па?

Жауап: Ораза айттың екінші күнінен бастап, қаза оразаны өтеуге рұқсат етіледі.

9. Бірінші қаза оразаны ұстайды ма, әлде Шәууәлдің оразасын ұстайды ма?

Жауап: Рмазанда түрлі себептермен кей күндерін қаза етіп алған адам шәууал айында әуелі рамазанның қазасын өтеуіне де, сонымен бірге шәууалдың алты күндік нәпілін ұстаса да болады. Дегенмен рамазан оразасын толығымен ұстау Алла Тағаланың бұйрығы екенін ескерген жөн. Ал шәууал айында 6 күн ораза тұту Пайғамбарымыздың (оған алланың салуаты мен сәлемі болсын) сүннеті болғандықтан алдымен оразаның қазасын өтеу абзал.

10. Шәууал оразасының үкім қандай?

Жауап: Шәууал айының оразасы нәпіл ораза болып табылады. Яғни, мұны ұстау ешкімге міндет емес, адамның өз ықтиярында. Дегенмен мұны ұстамаған жан Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде айтылған бір жылдық оразаның сауабынан құр қалады. 

 

Дереккөз:

ислам.кз

"Рамазанға қатысты 200 сұрақ"

 

Тілеубердиев Асан

"Омар ибн Хаттаб" мешітінің бас имамы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу