Ақсақ темір



Темірдің шешесі Сақыпжамал осы баласына екіқабат кезінде түс көріпті. Түсінде ол бала емес, жылан туыпты. Сол жылан көз алдында үлкейіп айдаһар болыпты. Алдымен ол өзінің туған анасын жұтыпты, артынша сол кездегі Сыр- дария билеушісі Тоқалақты жұтыпты. Бұл түсін екіқабат келіншек үйіне кездейсоқ қонақ болған жолаушы кемпірге жорытыпты. Кемпір сатқындық жасап, бұл түсті Тоқалаққа айтып қойған. Қатал хан екіқабат келіншекті алдырып, өз қолымен ішін жарып, мазардың ішіне көмусіз тастатқан. Сақыпжамалдың туған сіңлісі Теккене жеті айлық тірі жат- қан баланың кіндігін тісімен қиып, баланы алып кеткен. Шешесінің ішіне пышақ салған кезде кішкентай баланың оң аяғына зақым келіп, ақсақ болып туған. Әлгі он алты жасар әлі беті ашылмаған бейкүнә қыздың емшегінен сүт шыққан, баланы өсірген. Ақсақ Темір өмірбақи шешем, анам Теккене деп кетті.


 

* * *

Түркі тұқымдас барлас руынан шыққан Шахрисабз биі Тарағай түс көреді, түсінде биік таудың басында тұр екен. Түн тастай қараңғы. Тарағай бидің қолында болат  қылыш бар. Қолындағы қылышынан сол шақта найзағай оттары жарқылдай дүние жүзі жап-жарық бола қалады. Тарағай би оянып кетеді. Бірақ сол түні оған ақ киімді, ақ сәлделі, ақ атты адам аян береді: «Тарағай би, қазір әйелің Тәккине бір ұл туа- ды. Ол әлемді билейтін жаһангер болады»,—депті. Ол Қызыр ғали әссалам әулие екен. Бұл жору ертеңіне Қазаған ханға   да жетеді. Ол болашақ жаһангер Әмірдің тууынан сескеніп- ті, нөкерлеріне бұйрық беріп, бидің жоқ кезінде толғатып жатқан әйелдің қарнын іштегі бала өлі түсуі үшін ауыр таспен үйкелетеді. Әйткенмен бала мұнымен өлмейді, мезгілі жет- кенде туады. Бірақ тастың салмағымен ана қарнынан бір аяғы солып түседі.

 

* * *

Тарағайдың ортаншы әйелі Тәкинә қатын осы Темірге екіқабат болған кезінде түс көреді. Түсінде Қызыр ғали әссалам әулиеден бала сұрайды. Әулие оған денесі тастан, жүрегі дүниенің ең нәзік гүлдерінен жаралған ұл береді. Емшегін жөндеп еме алмаған баласын анасы құйрығынан салып қалғанда, тастан жаралған баланың денесінен қолы қатты ауырып кетіп, анасы жылап қоя береді. Анасының жылағанын көріп, жүрегі нәзік гүлдерден  жаралған  бала- сы енді қосылып жылайды. Анасы мен баласының көзінен жасы ағыл-тегіл төгіледі. «Қалай, балаң ұнайды ма?»—деген Қызыр ғали әссалам әулиеге Тәкинә қатын: «Маған мұндай жылауық баланың керегі жоқ, басқа бала бер»,—деп жа- лынады. Сонда әулие оған керісінше денесі гүлдей жұмсақ, жүрегі тастай басқа бала береді. Бұл да анасының емшегін дұрыстап еме алмайды. Анасы бұны да ұрады. Бірақ қанша ұрса да, баланың көзінен жас шықпайды. Баласының бұл мінезіне қуанған анасы сылқылдап күліп жатып оянып кетеді. Ертеңіне Тәкинә қатын түсін бір білгір кәрі кемпірге жорытады. «Түсіңде жыласаң, өңіңде қуанарсың, ал түсіңде қуансаң, өңіңде жыларсың. Бекер алғашқы балаға көнбеген екенсің. Сенің мына туғалы тұрған балаңның денесі ет пен сүйектен біткен жұмсақ болғанмен, жүрегі тастан да қатты келеді екен, түбі өзгені қойғанда өзіңді де талай жылатар»,— деген екен.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу

Ілмектер: темір хан, түс