Досмұхаммед ханның түсі


 

Әкесінің өлімінен соң, Досмұхаммед өгей шешесімен некелесіп, ар-ождан шынысына тас атты да, оны сындыр- ды. Қалыңдық күйеудің үйіне салтанатпен ұзатылған соң, Досмұхаммед хан түсінде қара атқа мініп келген әкесі Есенбұға ханды көреді. Оған (баласына) жақын келісімен, атынан түсіп, қолымен қазанның түп күйесін алып, оның (баласының) бетіне жағады. Аузын ашып, ол былай деп тіл қатады: «О, соры қайнаған, масқара болған неме, ислам дінін қабыл алғанымызға жүз жылдан астам уақыт өткенде, сен қайтадан кәпірге айналдың, мұсылмандардың шариғаты  мен тәртібін тәрік еттің». Ол қорамсағынан оқ алып, оның (баласының) бүйірінен атады да, өзі атына мініп, ғайып бо- лады. Ұйқыдан оянған Досмұхаммед хан болған іске өкініп, әрі күйзеліп, дәрет алады да, өгей шешесінен кетеді. Сол күні оның бүйірі (түсінде оқ тиген жері), буын-буындары ауырып, ыстығы көтеріледі де, бұ дүниеден аттануға қамдана бастай- ды. Емшілер оны емдеп жазуға қанша тырысқанмен, ештеңе жасай алмайды. Осылайша, ол о дүниеге көшіп, тамұқ үйіне бет алды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу