Жандарбек Жұман (Разымын)

 Жандарбек Жұман (Разымын)

Санасында жан емессің аз ілім,
Ханшайым ең бойында бар назы мың.
Ең əуелі сендей сұлу бикештің,
Қазақ қызы болғанына разымын!

Тағы батып бара жатыр қазы күн,
Табиғаттан сен деп салған саз ұғын.
Сосын,жаным, өзгеге емес, тек маған,
Бақыт болып бұйырдың ғой. Разымын!

Əккі өмірде қуандым да, қажыдым.
Болды талай білем,күнім, жазығым.
Мендей қатал жанға бірден келіскен,
Шешіміңе шын жүректен разымын!

Шаңыраққа шуақ болдың,нəзігім,
Ата-атанама тартып астың мəзірін.
Мені "Əке" деп айтатын ұл-қызды,
Сен өмірге ап келесің. Разымын!

Махаббатым саған деген тағы шын,
Бірге аламыз біз өмірдің дəрісін.
Менің мына өмірінің мəнісің,
РАЗЫМЫН, РАЗЫМЫН БƏРІ ҮШІН!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ