Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда?) [Абай аудармасы] » ZHARAR © 2016 | абай құнанбаев аудармалары лермонтов Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда аудармасы аудармалары , стихи абая кунанбаева на казахском языке




  • »

Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда?) [Абай аудармасы]

Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда?) [Абай аудармасы] казакша Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда?) [Абай аудармасы] на казахском языке

Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда?
Хүкімші шалдар мәз боп отыр ма онда?
Антұрғандық қылығын алла ісі деп,
Нандырар қандай сопы, қандай молда?
Мені өлтірді-ақ, не пайда осыларға?
Менің өмірім оларға қосылар ма?
Ол шалдар қыршын жасты қиғанменен,
Өз бойына жапсырып тұшынар ма?
Сопысынсын, хақ десін, хақты ұмытсын,
Әділетсіз бір жастың басын жұтсын.
Қайнап тұрған қанымды ішкенменен,
Қаңсыған, қатқан ішін не жылытсын?!
Өлтірер, жерге тығар, мола қылмас,
Сүйтсе де жер томпайтпай қойып болмас,
Дірілдеп сол молаға шықса шалдар,
Басқыш болып аспанға шығара алмас.
Бейкүнә зорлықпенен шыққан жаным
Бейішке басшы болар деме, залым!
Суық қабір – қайғысыз ұйқы орны ғой,
Оңай ма жас өмірден айрылғаным?
Мен жаспын, білесің бе жастықты сен?
Не қызықты үміт бар ойға келген!
Көріп пе ең, я болмаса, ұмыттың ба,
Іштегі отты достық пен қастық деген?
Ай, жұлдыз, ағарған таң, жарық күн бар,
Жазғы құс, жапырақта қандай мін бар?
Күндізгі харекеттен босағанда,
Өзіңе өзің тиген тәтті түн бар.
Сағыныш бар, дүниеде жұбаныш бар,
Көңілді көтеретін қуаныш бар.
Құлын-тайдай айқасып, ойын салып,
Кептерше сүйеніскен демалыс бар.
Дүниедегі қызықтың бүгін бәрі
Саған салқын тартқандай, сен – бір кәрі.
Болсам деген талапты ұмытқан соң,
Құр кеудеге өмірдің несі дәрі?
Мен – сен емес, жас күнім жайнап тұрған,
Жүректе түрлі талап қайнап тұрған.
Сендер сүрдің, мен де өмір сүрмес пе едім?
Бір шырақ сөнер, кетер саулап түрған.
Есіткелі келдің бе сырымды сен?
Олардың мақсаты не – білмеймін мен.
Менің ісім өзіңе мәлім шығар,
Көңілді түгел айтып болмайды екен.
Менің кеудем сендерге сандықпен тең,
Мүмкін болса, қақ жарып ашып көрсең.
Ішін түгел көрген соң өз көзіңмен,
Тахқиқ¹ мені күнәкар, қу демес ең.
Мейлің өзің, монастырь қылған істі
Алла ісі деп көңілінде көрсең күшті.
Хақ салған бұл кеудемде бір закон бар,
Оны құдай өзгеңнен кем демес-ті.
Ақтығымды біледі сол көкірек,
Сол законге билеткен біздің жүрек.
Алла берген хауіпті осы сырым
Көрге бірге өзіммен барса керек.
Мен – өлі жан, ешкімді талғамаймын,
Рақымсыз билеріңді қарғамаймын.
Мен кешерлік сүйтсе де іс қылған жоқ,
Разымын деп жалған сөз жалғамаймын.
Қазір тірі, дүниеге мен де ортақпын,
Осы күн батпай, батып жоғалмақпын.
Алдыңдағы асау жас қайнап тұрған
Мен болмаспын – бір уыс топырақпын


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 528
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы, абай аудармалары лермонтовтан, абай құнанбаев аудармалары лермонтов Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда аудармасы аудармалары, стихи абая кунанбаева на казахском языке, казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, , абай құнанбаев аудармалары лермонтов Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда аудармасы аудармалары, стихи абая кунанбаева на казахском языке, казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачат, Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда?) [Абай аудармасы] қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

.

. .