Қазақша өлең: Жандарбек Жұман (Туған күніңмен...) » ZHARAR © 2017 | туған күн құттықтау өлең, туған күн құттықтау сөздері тілек,Жандарбек Жұман Туған күніңмен өлең олен Жандарбек Жуманов стихи на казахском, стихи на казахском




  • »

Қазақша өлең: Жандарбек Жұман (Туған күніңмен...)

Қазақша өлең: Жандарбек Жұман (Туған күніңмен...) казакша Қазақша өлең: Жандарбек Жұман (Туған күніңмен...) на казахском языке

Өмір сені мұңайтып, жылатпасын,
Жүрегіңде жүрегім тұрақтасын.
Бүгіннен бастап,жаным, "он сегізден",
Үш-ақ жылға небәрі жырақтасын.

Тоқтамайды өмірдің сағаттары,ә,
Көңіліңе жүрмесін тарап нала.
Жи-ыр-ма бір жас деген-он сегіздей,
Өзгерісі көп емес, сәл-ақ қана.

Сенде,білем,сарқылмас ақыл барын,
Басың дауға қаламан шатылғанын.
Бүгін-гі осы туған күн арқасында,
Пенсияңа бір жылға жақындадың.

Біздер бірге боламыз түбі,гүлім,
Шын бақыты өзіңсің-қыр ұлының.
...Астанамен бірдей ед төл мерекең,
СҰЛУЛЫҚТЫҢ туылған күні бүгін.

Арусың ғой адымын анық басқан,
Жүрегіме жанарың жарық шашқан.
Менде ғана дәл сендей КҮЛЕГЕШ бар,
Жымиюдан жүре бер жалықпастан.

Жанарыңды жасырма күлімдеген,
Көздеріңнен аспанның күнін көрем.
Құттықтаймын,ЕНЕМНІҢ ЕРКЕ ҚЫЗЫ,
Төл мейрамың-ТУЫЛҒАН КҮНІҢМЕНЕН!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 834
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .