Қадір түні

Қадір түні

Құрдастарым, құлқың болса, құлақ түр:
Қадір түні он түн емес, бір-ақ түн!
Сол бір түннен қалмау үшін көз жазып,
Он түн бойы күту керек шыдап бір.
Сол бір түні Жебірейіл басқарған,
Періштелер ағылады аспаннан.
Олар сонша көп болады, жердегі
Жатқан барлық ірілі-ұсақ тастардан!
Соның бәрі әсте сені жатсынбай,
Әр сөзіңді жазып жатар хатшыңдай.
Қажетіңді сұра Алладан, еркіңді
Қу нәпсінің билігіне тапсырмай...
Қажетіңді сұра ұялмай, сұрап қал!
Алтын шатыр үй керек пе жұмақтан?
Сол үйіңде бәйбіше боп отырар,
Сұлуың ба жастық шақта ұнатқан?
Бәлкім саған бала деген көп керек.
Беріледі Жаратқаннан боп көмек!
Нық сеніммен дұға жаса, бекерге
Әйеліңе жүре бермей өкпелеп.
Саулап жатқан мейірімнен құр қалма!
Берекелі мұндай басқа түн бар ма?
Бар күнәңнан тазарып ал тәубе етіп,
Раббың Өзі кешірем деп тұрғанда!
Жарылқайтын түні Алла пендесін,
Мол несібе, ырзық сұра көл-көсір,
Жомарт Құдай қолыңды бос қайтармас,
Қазір ап қал, кеш болады өлгесін...
Сұра, Тәңірің қуанады сұрасаң!
Аямайды дұға етуде ұнасаң.
Бәрі-бәрі болғалы тұр сенікі,
Таңға дейін талмай тілеп шыдасаң...
Кімде қандай мұқтаждық бар, сұрастыр.
Шын тілесең берілуі рас бұл.
Иман сұра жақындардың бәріне,
Жайнамазға жапырласып құлассын!
Бауырларың, жекжаттарың, достарың,
Атқара алмай жатыр қандай жоспарын?
Сен де сұра, тілеп қалсын олар да,
Жаратқаннан көкке созып қос қолын.
Атаң, анаң... саған қымбат ол есім.
Тіршілікте тәрбиешің, төрешің...
Дұғаңа қос, кешірімді көп тіле,
Алла оларды мейіріміне бөлесін.
Жаппар Құдай... жағың тынбай ұлықта!
Оны есіңе ал отырып та, тұрып та!
Қасиетті Кітап түскен бұл түні,
Құран оқу керектігін ұмытпа!
Жылы төсек қызықтырып, жантайма.
Теледидар, интернетке аңқайма.
Бағалай біл Қадір түнін бауырлар,
Тең келетін сексен үш жыл, төрт айға!
Сексен үш жыл, төрт айға өзі барабар,
Мұндай түнді кімдер қайдан таба алар?
Жалғыз шарт бар – осы түннің пайдасын
Тек күмәнсіз сенушілер ала алар!


Пайдалы сілтемелер:


Алыс-алыс елдер де,
Асу-асу белдер де,
Тілек тілер Тәңірден,
Қадір түні келгенде.
Қадір түні ардақты мың айдан да,
Шаттық нұры шашылсын мұңайғанға,
Дәулет беріп немесе нәубет беріп,
Өзі жаратқан құлдарын сынайды Алла.
Салып қойған тағдырға терең өрнек,
Бір Тәңірден білгір де көреген жоқ,
Тілейікші адамзат баласына,
Иман менен игілік бере көр деп.
Татулығын тілейік ел мен елдің,
Көлеңкесін түсірмей көлденең мұң,
Мейірімін оят деп жүректердің,
Пейілдерін кеңейт деп пенделердің.
Ала-құла ойлардан арылса көп,
Қуаныштан жүректер жарылса тек,
Жамағат боп тілейік Жаратқаннан,
Жақсылықпен жер бетін жарылқа деп.
Ақиқаттан адаспай мың сан арман,
Жайнаң қағып жұлдыздай тұрса да алдан,
Кірпік ілмей шығар ед таң атқанша,
Қадір түннің қадірін білсе адамдар.


Сылаңдаған сылқымымын бір үйдің.
Бірақ жүрмін құшағында үрейдің.
Маған қарай, көзің салшы, ғашығым,
Қалдырмашы, қоржынында дүлейдің.
Саған бақыт қажыр – қайрат тілеймін,
Қолыңды ұстап, сен күлгенде күлейін.
Бірге тағып бір отанның түтінін,
Өзіңменен бақытты өмір сүрейін.

Жанымды ұғар жайың бар ма өзіңнің,
Шыдамның да шегі бар ғой төзімнің.
Саған қарай көзім талды сыртыңнан,
Ұстат маған алтын жібін сезімнің.

Әттең, қызбын айта алмаймын, қиналам,
Міне, айтам деп батылдана жиналам.
Көрген кезде күлімдеген көзіңді,
Уақыт тоқтап, тына қалар тіпі жоқтай бұл ғалам.

Нәзік жүрек айтар сенің атыңды,
Қолын созып саған қарай аһ ұрды.
Үнсіз жүрек үнін өзің түсінші,
Сезім бізді өз бағына шақырды.

Баяндай сұлу қыз болам,
Қазақтың салтын бұзбаған.
Ұнатып сені тұрсам да,
Қабағым түйіп сызданам.
Қарама менің бетіме,
Жүрекке үңіл, жарқыным.
Әдеті қыздың осылай,
Ішімде жатыр бар шыным.

Асқар тауым, пана деп сені білемін,
Қорғашы мені ығыңа салып желдерден.
Қиналған сәтте демеушім болар, тірегім,
Бәйтерек болшы саяңды бере тербелген.

Сыртыңнан мақтап, сырымды айта жүремін,
Қыранға теңеп, қанатын көңіл тіледім.
Арғымақ аттай асуды бір ақ аттап өт,
Сыртыңнан сүйіп, лүпілдер менің жүрегім.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 7
  1. Қадір түні келгенде...
    2 + 2 -
    Алыс-алыс елдер де,
    Асу-асу белдер де,
    Тілек тілер Тәңірден,
    Қадір түні келгенде.
    Қадір түні ардақты мың айдан да,
    Шаттық нұры шашылсын мұңайғанға,
    Дәулет беріп немесе нәубет беріп,
    Өзі жаратқан құлдарын сынайды Алла.
    Салып қойған тағдырға терең өрнек,
    Бір Тәңірден білгір де көреген жоқ,
    Тілейікші адамзат баласына,
    Иман менен игілік бере көр деп.
    Татулығын тілейік ел мен елдің,
    Көлеңкесін түсірмей көлденең мұң,
    Мейірімін оят деп жүректердің,
    Пейілдерін кеңейт деп пенделердің.
    Ала-құла ойлардан арылса көп,
    Қуаныштан жүректер жарылса тек,
    Жамағат боп тілейік Жаратқаннан,
    Жақсылықпен жер бетін жарылқа деп.
    Ақиқаттан адаспай мың сан арман,
    Жайнаң қағып жұлдыздай тұрса да алдан,
    Кірпік ілмей шығар ед таң атқанша,
    Қадір түннің қадірін білсе адамдар.
  2. Қадір түніне тілек
    1 + 3 -
    Сылаңдаған сылқымымын бір үйдің.
    Бірақ жүрмін құшағында үрейдің.
    Маған қарай, көзің салшы, ғашығым,
    Қалдырмашы, қоржынында дүлейдің.
    Саған бақыт қажыр – қайрат тілеймін,
    Қолыңды ұстап, сен күлгенде күлейін.
    Бірге тағып бір отанның түтінін,
    Өзіңменен бақытты өмір сүрейін.

    Жанымды ұғар жайың бар ма өзіңнің,
    Шыдамның да шегі бар ғой төзімнің.
    Саған қарай көзім талды сыртыңнан,
    Ұстат маған алтын жібін сезімнің.

    Әттең, қызбын айта алмаймын, қиналам,
    Міне, айтам деп батылдана жиналам.
    Көрген кезде күлімдеген көзіңді,
    Уақыт тоқтап, тына қалар тіпі жоқтай бұл ғалам.

    Нәзік жүрек айтар сенің атыңды,
    Қолын созып саған қарай аһ ұрды.
    Үнсіз жүрек үнін өзің түсінші,
    Сезім бізді өз бағына шақырды.

    Баяндай сұлу қыз болам,
    Қазақтың салтын бұзбаған.
    Ұнатып сені тұрсам да,
    Қабағым түйіп сызданам.
    Қарама менің бетіме,
    Жүрекке үңіл, жарқыным.
    Әдеті қыздың осылай,
    Ішімде жатыр бар шыным.

    Асқар тауым, пана деп сені білемін,
    Қорғашы мені ығыңа салып желдерден.
    Қиналған сәтте демеушім болар, тірегім,
    Бәйтерек болшы саяңды бере тербелген.

    Сыртыңнан мақтап, сырымды айта жүремін,
    Қыранға теңеп, қанатын көңіл тіледім.
    Арғымақ аттай асуды бір ақ аттап өт,
    Сыртыңнан сүйіп, лүпілдер менің жүрегім.
  3. Қадір түні құтты болсын
    1 + 2 -
    Ардақты асыл жандарым туысқандарым, жаны жайсаң достарым.


    Бүгін ерекше күн, Рамазан айының қадір түні. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Осы айтулы күні Алладан медет қылып тілеген бар тілектерініз қабыл болсын. Алланың шексіз мейірім шапағатына бөленуді барлықтарынызға нәсіп етсін. Оразаға дастархан жайып жүрген әулеттің абройлы келіндеріне, аяаулы аналарына алланың мейірімі төгіліп екі дүниеніңде бақытын нәсіп етсін!
  4. Оразамыз қабыл, иманымыз кәміл болғай
    0 + 2 -
    Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ, қоғам қайраткері:


    Оразамыз қабыл, иманымыз кәміл болғай!


    - Құрметті жамағат! Бәріміз осынау тамаша ғимарат - Алланың үйінде отырмыз? Неге отырмыз? Осыған жіті назар аударайық. Алла үйіне келген соң Жаратушы Иенің есімі ұлықталып, барша құлшылық Соған арналуы тиіс. Өзара мейірімді болайық. Ұрыс-керістен, ғайбат-өсектен сақтанайық. Бүгін ерекше түн. Дұға қабыл болатын түн. Алланың әрбір түні қайырлы. Алайда бұл түннің ерекшелігі - сауабының молдығында. Сондықтан алтын уақытымызды ғапылдықпен өткізбелік.


    Біздің қоғамды тек Ислам ғана құтқарады. Барша жақсылықтың бастауы болған Ислам дінін көркейтіп, халыққа насихаттайық. Алла оразаларыңызды қабыл, имандарыңызды кәміл еткей!
  5. Жүрек нұрға бөленетін түн
    0 + 2 -
    Еркін қажы ДУАНАБАЙ, Қазақстан қажылары қауымдастығының төрағасы:


    Жүрек нұрға бөленетін түн


    Мешітте отырған жастардың ата-аналары бақытты. Шынымен де бақытты. Өйткені, адамның иманы артқан сайын өмірдің мәнін түсінеді. Біз кімбіз? Қайдан келдік? Қайда барамыз? Иманды адам осындай сұрақтарға жауап іздейді. Ал адам тек Исламнан ғана қанағат, ләззат алады. Сонда жүрек нұрға бөленеді. Алла бізді жақсылықта жолықтырып, екі дүниеде де жүзімізді жарық еткей! Қадір түнінде тілеген тілектеріңіз Алла тағаланың құзырында қабыл болсын!
  6. қадір түнге тілек
    0 + 2 -
    Мұрат ЖҰРЫНОВ, академик:

    «Дін - ғылымның анасы...»

    Дін мен ғылымды бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Дін - шексіз ғылым. Адам ақылы көтермейді. Ғылым көзбен көріп, қолға ұстаған нәрсені ғана дәлелдейді. Ал дінде біз біле бермейтін дүниелер өте көп. Мәселен, сіздің балаңыз шетелде жүріп, денесіне зақым яки ауырып қалса, әрбір ана оны жүрекпен сезеді. Яғни, Алла тағала ана мен баланың арасында бір байланыс орнатқан. Оны ғылым әлі дәлелдеген жоқ. Мұқағалидың: «Дін - ғылымның анасы», - дейтіні де сондықтан. Иман адам жүрегіне бақыт сыйлайды. Құрметті, халайық, тұтқан оразаларыңыз бен Қадір түнінде жасаған құлшылық-ғибадаттарыңызды Алла қабыл еткей!


    Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ, қоғам қайраткері:

    Оразамыз қабыл, иманымыз кәміл болғай!

    - Құрметті жамағат! Бәріміз осынау тамаша ғимарат - Алланың үйінде отырмыз? Неге отырмыз? Осыған жіті назар аударайық. Алла үйіне келген соң Жаратушы Иенің есімі ұлықталып, барша құлшылық Соған арналуы тиіс. Өзара мейірімді болайық. Ұрыс-керістен, ғайбат-өсектен сақтанайық. Бүгін ерекше түн. Дұға қабыл болатын түн. Алланың әрбір түні қайырлы. Алайда бұл түннің ерекшелігі - сауабының молдығында. Сондықтан алтын уақытымызды ғапылдықпен өткізбелік.

    Біздің қоғамды тек Ислам ғана құтқарады. Барша жақсылықтың бастауы болған Ислам дінін көркейтіп, халыққа насихаттайық. Алла оразаларыңызды қабыл, имандарыңызды кәміл еткей!



    Еркін қажы ДУАНАБАЙ, Қазақстан қажылары қауымдастығының төрағасы:

    Жүрек нұрға бөленетін түн

    Мешітте отырған жастардың ата-аналары бақытты. Шынымен де бақытты. Өйткені, адамның иманы артқан сайын өмірдің мәнін түсінеді. Біз кімбіз? Қайдан келдік? Қайда барамыз? Иманды адам осындай сұрақтарға жауап іздейді. Ал адам тек Исламнан ғана қанағат, ләззат алады. Сонда жүрек нұрға бөленеді. Алла бізді жақсылықта жолықтырып, екі дүниеде де жүзімізді жарық еткей! Қадір түнінде тілеген тілектеріңіз Алла тағаланың құзырында қабыл болсын!
  7. қадір түні тілек
    0 + 2 -
    Шейх Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:


    Екі дүниенің бақытына бөленейік

    Алла тағала айлардан - Рамазанды, күндерден - жұманы, түндерден Қадір түнін қасиетті етті. Жаратушы Иеміз бұл түнде екі дүниенің бақытына жеткізетін, ақ пен қараны айырушы қасиетті Құран аяттарын түсіре бастады. Бәріңізге белгілі, ең алғашқы аят: «Оқы!» - деп басталады. Исламның білім мен ғылымға көңіл бөлетінін осы аяттан айқын аңғаруға болады.
    Қасиетті Қадір түні мың айдан қайырлы. Бұл түнді құлшылықпен өткізген адам үлкен сауапқа кенеледі. Баршаңызды мүбәрак түннің келуімен құттықтаймын. Бұл түнде уақыт өтсе болды деп, сериал көріп яки пайдасыз дүниелермен айналысу дұрыс емес. Алла тағала бізге Өзінің разы болатын сауапты амалдарымен айналысуды нәсіп еткей! Дұға-тілектеріміз қабыл болып, екі дүниенің бақытына бөленген құлдарының қатарына қосқай! Әумин!

    Қасиетті Қадір түні... Алланы пәктеу, өзара өсиеттесу, Құран оқу, Жаратушыға жалбарыну, қысқасы құлшылық түні. Еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін мешітке жиналды. Зиялы қауым өкілдері де бұл түнді ізгі ниетпен өткізді. Алматы қаласы Орталық мешітіне келген Алаш азаматтары халықты Қадір түнінің келуімен құттықтады.



    Шейх Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:


    Екі дүниенің бақытына бөленейік

    Алла тағала айлардан - Рамазанды, күндерден - жұманы, түндерден Қадір түнін қасиетті етті. Жаратушы Иеміз бұл түнде екі дүниенің бақытына жеткізетін, ақ пен қараны айырушы қасиетті Құран аяттарын түсіре бастады. Бәріңізге белгілі, ең алғашқы аят: «Оқы!» - деп басталады. Исламның білім мен ғылымға көңіл бөлетінін осы аяттан айқын аңғаруға болады.
    Қасиетті Қадір түні мың айдан қайырлы. Бұл түнді құлшылықпен өткізген адам үлкен сауапқа кенеледі. Баршаңызды мүбәрак түннің келуімен құттықтаймын. Бұл түнде уақыт өтсе болды деп, сериал көріп яки пайдасыз дүниелермен айналысу дұрыс емес. Алла тағала бізге Өзінің разы болатын сауапты амалдарымен айналысуды нәсіп еткей! Дұға-тілектеріміз қабыл болып, екі дүниенің бақытына бөленген құлдарының қатарына қосқай! Әумин!

    Асанәлі ӘШІМОВ, халық әртісі:

    «Азан айтылса қуанамын»



    Мешітке кірмес бұрын Алла үйіне сыймай, аулада Жаратқанға мінәжат етіп отырған жастарға қарап сүйсіндім һәм тебірендім. Расында да бұл жақсылықтың нышаны. Қаншама жастар қылмыс жасап, өз өмірлерін өздері құртуда. Ал Ислам адамды ізгілікке үндейді. Абайдың: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...» деуі тегін емес. Мен де жұмысымның қауырт болғанына қарамастан, мешітке жиі бас сұғып тұрамын. Үйдің жанында мешіт бар. Азан шақырылғанда қуанамын. Үйімнен шайтан шығар деген үмітпен. Қадір түнінің қадірін таңды таңға ұрып айта беруге болады. Алла дұғаларыңызды қабыл етсін.