Қазақша Құттықтау - тілек: Жастар бас қосқан кештерде » ZHARAR © 2017 | досқа құттықтау, жастар құттықтау , жастарға құттықтау, Жастар бас қосқан кештерде айтылатын тілек-сөздер, жастарды құттықтау, жастар тілек сөздер




  • »

Қазақша Құттықтау - тілек: Жастар бас қосқан кештерде

Қазақша Құттықтау - тілек: Жастар бас қосқан кештерде казакша Қазақша Құттықтау - тілек: Жастар бас қосқан кештерде на казахском языке

Шынайы махаббат күшінің құдіреттілігі сондай – мылқауға тіл бітіріп, соқырға жанар береді, ауруды жазып, өліні тірілтеді.
Махаббат – ұлы жалғанда ең,
Теңесер оған кәне, күш!
Махаббат – асыл арман мен
Өртену, жану, сағыныш.
Махаббат – қуға жат мекен,
Құдірет оның аты да.
Махаббат – ғажап ақбөкен,
Айырылып қалсаң қапыда.
Махаббат айдынында жүзіп жүрген жан тәтті сезім мен қиял құшағында болады. Жабырқауды ұмытып, уайым-қайғы деген өмірде мүлдем жоқ тәрізді сезінеді. Сол айдында өмірінің соңына дейін жүзе беруді қалап, жағалауға шыққысы келмейтіні хақ.
Ал егерде сол айдыннан абайсызда шығып қалсаң, өмірдің мәнін, сәнін жоғалтасың.
Ендеше достар, осы бір ғажап та керемет өмірдің сәнін келтіретін дүние – Махаббат үшін!

Достар!
Бүгін бәріміз жиылып бас қосып отырғанымызға өте қуаныштымын!
Міне, қуанышымызды да, қайғымызды да ортақ бөлісіп, жұбымыз жазылмай бір-бірімізге сүйеу болып қатар жүргенімізге қанша жыл болды. Мен сендердей адал достарым болғаны үшін мақтанамын!
Ешқашан қатарымыз ажырамасын, бір-бірімізге деген ақ, адал сенімімізге көлеңке түспесін. Достығымыз мәңгі болсын! Аман болыңдар! Дүниедегі ең ізгі сезімдердің бірі – Достық үшін!

Достар!
Жастық шақ – өсіп тұрған гүл емес пе,
Сол гүлдің нағыз өзі – біз емес пе!
- дегендей жан жағыма көз салсам, бүгінгі кешке әсем де сұлу, көркіне көз тоярдай қыздар мен жігіттер жиналып отыр екен. Жүздеріңе қарасам, қып-қызыл қызғалдағы жайқалған көктемнің сұлулығын көремін.
Ендеше достар, лайым, әрқашан осылай құлпырып жүре беріңдер. Өмірдің ең сұлу, керемет мезгілі – Жастық шақ үшін!

Бір ғұлама «мына өмірде Махаббаттан тәтті еш нәрсе жоқ, ал кездескен қалған қуаныштың барлығы да екінші орындағы нәрселер» деген екен. Ал «рух – достыққа, ақыл – сыйластыққа, тән – көңілге, осы үшеуінің қосылуы Махаббатқа ықпал етеді» деген де сөз бар. Шынайы махаббаттың құрбаны болған адам бақытты.
Өміріміздің мазмұны, мәні саналатын шынайы МАХАББАТ ҮШІН!

Бір өте бақуатты қария дүниеден өтіп бара жатып құдайдан «Құдай маған кішкене өмір берші» деп жалынып сұрапты. Сонда Құдіреті күшті Алла тағала әлгі қарияның көзіне көрініп:
– Пендем қанша өмір сұрайсың? – десе, әлгі қарт:
– Ағаштың жапырақтарымен тең өмір – депті, сонда Құдай:
– Адамға берілген өмірдің өзі жетпейді жапыраққа – депті.
– Онда қанша бұтақ бар, соншама – десе,
– Ол да жарамайды, тым көп, - депті Алла тағала, сонда әлгі қария:
– Онда қанша өмір бере аласыз?- деп сұраған көрінеді, сөйтсе:
– Өмірде қанша досың бар, соншама өмір беремін – депті Құдай. Сонда қария көзіне жас алып о дүниеге жүріп кетіпті. Өйткені ол өмірін дос жинаумен емес, дүние жинаумен өткізген еді.
Біздің халықта «жүз сомың болғанша, бір досың болсын» деген мақал-сөз бар.
Қадірлі достар, өмірде досың жоқ болғанша өмір сүрмеген жақсы, дүние артта қалар, ал досың бар болса сен мәңгі бақи өмір сүресің.


Санат: KZ портал » Қазақша Құттықтау тілектер жинағы | | 3 729
Рейтинг:
(голосов: 0)

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .