Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (25 жас) » ZHARAR © 2016 | 25 жаска тилек, 25 жас құттықтау , 25 жаска тилек, 25 жаска тилектер, құттықтау сөздер туған күнге 25 жас, 25 жас туған күн , поздравления на казахском языке с днем рождения 25 лет, поздравления на казахском языке с днем рождения,поздравления, тилек, тілек, құттықтау, куттыктау, 25 жас, жас




  • »

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (25 жас)

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (25 жас) казакша Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (25 жас) на казахском языке

Жиырма бес деген – жалынды дәурен шырыны,
Жиырма бес деген – дүниенің дүрмек қызығы.
Бойдақтығың да қала алмас бойың тасалап,
Құрық боп түсер арудың бұлғақ бұрымы.

Жиырма бес деген – жөңкілген толқын, тәтті арман,
Өзіңді іздеу өркенді бұлақтардан.
Аңсатар кейде балалық кезең, бал сәтің,
Қолдарын бұлғап, қиырда қимай қап қойған.

Жиырма бес деген-жігітіңнің арқауы,
Алдағы күнді, асу мен шыңды аңсауы.
Сағынышың ол, қызға құштар, жырға әуес,
Буырқаныспен арайлап атар әр таңы.

Жиырма бес – қыран шығатын самғап шыңдарға,
Мойымас тіпті тосыннан келген сындарға.
Тербете білгін жердегі бақыт желкенін,
Жүректің отын ұсынып келер жылдарға.

Келгендей жаз оралып, күздер өтіп,
Келмейсің неге, жастық, жүзден өтіп?
Кім саған, о жиырма бес, наз айтпады,
«Таптың»,- деп,- не мархабат бізден өтіп?!».

Білмеймін, таптың ба сен, таппадың ба,
Көп болды жүрмегелі қапталыма.
«Қош» айтып ақырғы рет қалып едің
Бір түні бізге мәлім қақпа алдында....

Мен сені сонан соң да іздеп едім,
Әлдилеп үмітімді үзбегенмін.
Бір барып сол бір жазғы қақпа алдында...
Сезген соң, кетіп қалдым, күздің демін...

Сонда да өкінбес ем өз басыма,
Кім кепіл өзгеден де озбасыңа?
Талайға жеткізбей де кетіп жүрсің,
Жиырма бес, бір түнетпей өз қасыңа!

Неге сен кәріге де, жасқа да арман,
Болса да жолдасың жоқ тастамаған?
Әлде бір көздің ғана құрты ма едің,
өткінші өмірі бар баста жалған?

Жиырма бес, жөнің болса оралатын,
Әзірге арамызға жол да жақын.
Кәрі жар – жас жұбайын ардақтағыш,
Ойлама қадірсіз деп қолдағы алтын.

Баянсыз бала емеспін мен кешегі,
Келші, кел, мәпелейін мен де сені.
Жүрсек те жақсы өмірді бірге жасап,
Жастықтың оты мәңгі сөнбес еді.


Санат: KZ портал » Қазақша Құттықтау тілектер жинағы | | 19 142
Рейтинг:
(голосов: 17)

.

. .