Векторларға амалдар қолдану 1-сабақ (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)

 Векторларға амалдар қолдану 1-сабақ (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы векторлар
Сабақ тақырыбы: Векторларға амалдар қолдану 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.4.1 вектордың, нөлдік вектордың, бірлік вектордың, коллинеар векторлардың, тең және қарама-қарсы векторлардың, векторлар арасындағы бұрыштың анықтамаларын біледі.
9.3.4.2 коллинеар, тең, қарама-қарсы векторларды және векторлар арасындағы бұрышты салуды біледі және суреті бойынша табады.
9.3.4.4 векторларды қосу, азайту, векторды санға көбейту қасиеттерін біледі және қолданады.
Сабақ мақсаттары: Векторлардың бағыттарын зерттеу, оларға амалдар қолданып және оқушылардың есептер шығару дағыларын қалыптастыру;

Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау.
Оқушылармен әңгіме барысында суретті қолдана отырып вектор жайлы түсінік, нөлдік вектор, бірлік вектор, коллинеар векторлар, қарсы бағытталған вектор ұғымдары жайлы талқылап, соңынан осы ұғымдарға анықтама беру

Сонан соң кестедегі ұғымдарды бөлек үлестірмелерге жазып және таратып, анықтамаларға сүйеніп схема құрастыруды тапсыру.
Векторлар

коллинеар
коллинеар емес

бағыттас қарама-қарсы бағытталған

Векторлар арасындағы бұрыштың анықтамасын беру және келесі тапсырмаларды ұсыну:
Тапсырма 1.

Векторларды қосудың тәсілдерін көрсету. Бекіту үшін келесі тапсырманы орындау

Жұптық жұмыс.
Векторларды қосу амалы.
Жұптағы әр оқушыға бірдей векторлары көрсетілген үлестірме беріледі. Бірінші оқушы a ⃗+b ⃗ векторын, екінші оқушы b ⃗+a ⃗ векторын салуы керек.
Нәтижелерін салыстыру. Векторлардың ауыстырымдылық қасиетін беру. Сол сияқты векторлардың үлестірімділік қасиетін беру. Жұмыстың қорытындысын беру.
Векторларды азайту амалы.
Оқушыларға сурет арқылы векторлардың айырмасын тұжырымдауды ұсыну:

Векторларды санға көбейту.
Векторды санға көбейту анықтамасынан төмендегі теңдіктердің орындалатынын байқаймыз:

Оқушыларға бастапқы және санға көбейткеннен (осы санның мәніне тәуелді) пайда болған екі вектордың орналасуы бойынша қорытынды жасауға мүмкіндік беру. Сабақ соңында оқушылар есте сақтауға қажетті сабақ барысында қарастырылған векторларға қолданылатын амалдар, ережелер мен қасиеттерін мүмкіндігінше айта білулері керек.

Векторды екі коллинеар емес векторлар арқылы жіктеудің алгоритмін құрыңыз. Сурет пен алгоритмді пайдаланып, теңдігін дәлелдеуді сұраңыз.
Өзіндік және топтық жұмыс.
Оқушыларға жеке-жеке тапсырмалар ұсынылады. Оқушылардың тапсырмаларды орындау нәтижелеріне сәйкес, топтарға бөлініп топтық жұмыс ұсынылады........

Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Құрбан айт 2021: қашан, құрбандық шалу шарттары, дұғасы, құрбан малының жасы, жарамды мал 18.07.2021, 0
» Асқар Мамин: 600 мың педагогтің жалақысы 25 пайызға артады 13.07.2021, 0
» Space X осы жылдың қыркүйегіне дейін бүкіл әлемді интернетпен қамтамасыз еткісі келеді 12.07.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы