Сақалымды сипама


Салт - дәстүр сөйлейді
САҚАЛЫҢДЫ СИПАМА
Алла тағала ең алғаш жер бетіне иелік ету Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлықты жібереді. Оларға қақ тастан үй салып беріп:
Сендерді жер бетіне жібердім. Қақ тастан үй тұрғыздым. Әдептен аспай, менің берген нығметтеріме шүкіршілік етіп, сән - салтанатпен тату - тәтті тіршілік кешіңдер. Ұрпақтарыңды көбейтіңдер. Бірақ, некесіз, дәретсіз қосылмаңдар, ұрпақтарың азады, - дейді.
Олар мінсіз, сұлу болғандықтан бір - бірін көріп ынтықты. Алланың әмірін ұмытып, некесіз қосылады. Одан Ібіліс туады. Олардың бірінші ұрпағы некесіз болғандықтан, Тәбілеттің толғағы ауыр болыпты. Ол Ібілісті қара тастың үстінде босанады. Сол кезде Ібіліс иегімен қара тасқа құлап түседі. Содан иегі екіге жарылып, ойылып қалады. Қазақтағы «иегің тасқа тигір» деген қарғысы осыдан қалған екен.
Ібіліс кейін ержеткенде иегіндегі жырықты жасыру үшін қауғадай етіп сақал қойыпты. Бірақ, сақалын жел ұшырып, иегіндегі жырық көрініп қалады екен. Ібіліс адам кейпінде ел ішіне кіргенде сақалы ашылып кетпес үшін үнемі екі қолымен сипай береді екен. Осыған байланысты қазақта «сақалды сипай берме, шайтан қағып кетеді» деген ырым қалыпты.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу