Шәкәрім Құдайбердіұлының "Еңлік-Кебек" поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз


Мiнез - жеке адамның өзiне тəн қылық əрекетiнде, тiл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшелiктерiнiң жиынтығы. Әр адамның мінезі әртүрлі болады, дегенмен белгілі бір халық арасында жақсы адамға, тек қызға немесе ер балаға тән мінездер қатары да бар. "Еңлік-Кебек" поэмасындағы Еңліктің мінезінде халық санасында қалыптасқан қызға тән қасиет табылмайды. Ш.Құдайбердіұлы туындыда Еңліктің қазақ қызына керағар мінезін іс-әрекеттері арқылы таныта білді. Оны тағдыр азабын шеккен қыз ретінде ғана емес, өз бағын қалай болса да табу жолындағы мінезін жеткізді. 

Поэмада Еңлік көрсеқызар мінезімен көрінеді. Оны автор Еңлік пен Кебектің алғашқы кездесуіндегі Кебектің ішінен ойлағанын:  "Кебек батыр жатқан соң төсекке кеп, Қыз мінезін ішінен қылады есеп. Танымаған қонаққа сыр білдірген Көрсеқызар, жеңсікқой ұрғашы-ау деп." -деген жолдары арқылы жеткізеді. Еңлік Кебек батырды үйінде ең алғаш көрген соң одан көз айырмады. Ал қазақ қызы бойына инабаттылықты иелену керек. Еңлік танымайтын жігіттен ұялмай, оған арыз айтуындағы мінезі кереғарлық танытады. Сонымен қатар Еңлік бойынан өзімшілдік де көрінеді. "Көп жігіт жүр сыртымнан қылып кеңес, Мен ұнасам, алмаймын сені демес. Солардың біреуімен кетер едім. Байқаймын бәрі менің теңім емес." - деген сөздері арқылы жазушы қыздың өзіне жоғары баға қойғандығын, қанша сорлы болса да, таңдау қоятынын аңғаруға болады. Кебекпен бірге қашудың алдында, Еңліктің көңіл аударғаны - өзінің бағы. Ертең ел таласады, ата-ана қайғырады деген ой қызға келген емес. Ал нағыз қазақ қызы ең алдымен ата-анасын, одан соң елін алаңдау керек. 

Қорытындылай келе, поэмадағы Еңліктің әрекетіндегі мінезі қазақ қызына қарама-қайшы. Осындай қылығының әсерінен кейін екі жас зардап шегеді, тағдыры қайғымен аяқталады. "Қыз - елдің көркі" демекші,  қыз оқырманға Еңліктің мінезін саралап, өз бойына тек қазақ қызына лайықты қасиет иелену керек. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу