Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

 Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

Мағжан Жұмабаев - қазақ поэзиясының ірі өкілдерінің бірі.
1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде туған. Бала кезінен өте зеректігімен көзге түскен Мағжан төрт жасынан хат таниды. Қызылжардағы М.Бегішев ашқан медреседе 5 жыл оқып, 1910 жылы бітіреді.
1910-1913 жылдары Уфадағы "Ғалия" медресесінде оқиды.
1912 жылы Қазан қаласында ұстазы, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың көмегімен "Шолпан" атты тұңғыш жинағы басылып шығады. Осыдан соң Мағжан Жұмабаев Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түсіп, 1916 жылы оны медальмен үздік аяқтайды.
Семинарияны бітірген соң "Алаш" партиясын құруға қатысады.
Жиырмасыншы жылдардың бірінші жартысында шығармашылық өнімді еңбекпен шұғылданады. Әйгілі "Батыр Баян" поэмасын жазады, баспасөзде біраз дүниелері жарық көреді.
1923-1927 жылдары М.Жұмабаев Мәскеуде жоғарғы әдеби- көркемөнер институтында оқиды. Бұл жылдары орыс, Батыс Европа әдебиетін терең зерттеп оқиды.
1929 жылы ол "Алқа" атты жасырын ұлтшыл ұйым құрды деген жалған айыптаумен сотталады. Шын мәнінде бұл әдеби платформаға қатысты үйірме болатын.
Шығармашылықпен, айналысқан алғашқы он жылда ол ұлт- азаттығын поэзияда ең терең қозғаған ақын болды. Өкінішке орай, 1929 жылдан 1938 жылға дейінгі ақынның он жылдық ғұмырында шығармашылық үнсіздік орнайды.
Ақын 1938 жылы халық жауы деген "үштіктің" шешімімен жазықсыз атылады.
Ол қазақ әдебиетін орыс, Европа әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. Елінің тарихы мен мәдени мұраларын терең білуі "Батыр Баян", "Қорқыт", "Оқжетпестің қиясында", "Қойлыбайдың қобызы", "Ертегі" т.б. сияқты тамаша поэмалар тудырды.
Мағжан "Педагогика" оқулығында халықтық педагогика мен психологияға талдау жүргізді.
Мағжан поэзиясының жоғары идеялығы, отаншылдық, ұлттық рухқа толы болуы, өлеңдерінің ерекше бейнелілік, көркемдік формасы, жаңашылдығы заманынан басы озық, ілгері кеткен ақын екендігін көрсетеді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу
Пікірлер 11
  1. Гость даша
    Гость даша 17.11.2020 10:37
    3 + 0 -
    Цитата: Айнель Зенкаева
    Жақсы екен рахмет)
  2. ерасыл
    ерасыл 24.11.2017 11:18
    1 + 2 -
    жарар сізге өте үлкен рахмет
  3. Айнель Зенкаева
    3 + 0 -
    Жақсы екен рахмет)
  4. Меруерт Бисенова
    0 + 1 -
    Күшті екен сіздерге көп рахмет????????????
  5. Dilnaz Alimbaeva
    Dilnaz Alimbaeva 07.12.2016 18:03
    2 + 1 -
    Қалай жүктеу керегін түсіңбедім,бірақ,жақсы егер көшірсем қара жазу шыға береді!
  6. Beek Rasulov
    Beek Rasulov 08.09.2016 21:55
    0 + 1 -
    Magjan jumabaevtin sayasatka koskan ulesi jokkoy
  7. Назым Турсынканова
    2 + 0 -
    Кандай окиништи
  8. Темирлан Капшакбаев
    0 + 0 -
    Zharar
  9. Айгерім Оразбакова
    1 + 0 -
    Норм
  10. Аида Базаргазиева
    1 + 0 -
    Жаксы
  11. Ерболат Аманжол
    0 + 0 -
    Жаксы