Валюта туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Тақпақтар: 29
Өлеңдер: 1
Нақыл сөздер: 1
Құттықтау, тілектер: 14
Шығармалар: 3
Эсселер: 2

Он бесінші қараша валюта күні
Он бесінші қараша, Туған күні теңгенің. Рахмет саған, еліңді, Қуантып сен тербедің...
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Қаржыгерлер жасай бер
Қаржыгерлер жасай бер, Еңбек етіп халқыңа. Алғысымыз көп біздің, Айтар әлі жалпыңа!
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Теңгемізбен жанымыз бір қашанда
Теңгемізбен қашанда, Жанымыз бір, әрдайым. Жаратқаным жар болсын, Жар боп бзге Құдайым!
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Қаржыгерлер ақ таңы
Қаржыгерлер ақ таңы, Шуақ шашсын күлімдеп. Қазақ үшін туғандай, Жаса менің елім деп
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Мен қазақпын ереаш
Жақсы көрер жұмысын,Жақсы көрер тынысын.Мен қазақтың баласы, Арнар сіздің жылысын.
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Қаржыгерлер тек алға!
Қаржыгерлер тек алға, Ұқыпты етер жұмысын. Біздің теңге айналым, Болып жасар тынысын.
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Теңге біздің валюта
Теңге біздің валюта, Қазақтықты жайнатар. Ұлттық біздің теңгеміз, Болашақты ойлатар.
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Теңгеміздің барында
Теңгеміздің барында,Біздер қарап жатпаймыз. Еңбек етіп әрдайым, Ел үмітін ақтаймыз.
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Қаржыгерлер ел үшін
Қаржыгерлер ел үшін, Жасап жатыр еңбегін. Еңбектерің ақталып, Елді әуенмен тербегін!
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Жасай берсін, Теңгеміз!
Жасай берсін, Теңгеміз, Ұлтымыздың айнасы. Біздің ұлттық валюта, Елге тисін пайдасы
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Қаржыгерлер жайында
Ойланайық достарым, Қаржыгерлер жайында. Білер жасар жұмысын, Салғызбайтын уайымға!
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Осы біздің теңгеміз
Осы біздің теңгеміз, Айналымда жүрген бұл. Сауда-саттық жасайтын, Ақша құнын білген бұл.
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Ұлттық теңге, валюта
Ұлттық теңге, валюта, Елдің берер азығы. Жасай берші төл теңге, Қазақтықтың қазығы!
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Қаржыгерлер жасасын
Қаржыгерлер жасасын, Жұмыс жасар теңгемен. Жұмыс жасап теңгеге, Құлауға жол бермеген.
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Ақша, ақша дей бермей
Ақша, ақша дей бермей, Үнемдеші теңгені. Шаша берме жан-жақты, Бала болсаң зерделі.
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Қаржыгерлер істері
Қаржыгерлер істері, Жоғалтпайды маңызын. Оларды әркез құрметтеу, Менің болар парызым.
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Үнемдейік теңгені
Үнемдейік теңгені, Бос нәрсеге жұмсамай. Келер теңге еңбекпен, Үзліксіз іс қылсаң-ай.
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Қаржыгерлер еңбегі
Қаржыгерлер еңбегі, Ұшан-теңіз деп білем. Қаржыгерлер әрдайым, Мықты жандар деп жүрем.
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Теңге барда қалтамда
Теңге барда қалтамда, Сенімді өмір сүремін. Келер теңге еңбекпен, Оны жақсы білемін!
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Қаржыгерлер сіздерді
Қаржыгерлер сіздерді, Патриот деп білеміз. Бар жақсыны сіздерге, Іштей тілеп жүреміз...
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Теңгемізбен жанданар
Теңгемізбен жанданар, Қазақстан еліміз. Ұлттық біздің теңгеге, Биік баға беріңіз!
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Қаржыгерлер сіздерге
Қаржыгерлер сіздерге, Бар жақсыны тілейміз. Ортамызда күлімдеп, Аман-есен жүр дейміз.
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Жасай берсін теңгеміз
Жасай берсін теңгеміз, Біздің ұлттық ақшамыз. Айналымда жүрсін ол, Гүлдендіріп бақшамыз.
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Қаржыгерлер жасасын
Ұлтымызға қызмет қып, Жұмыс жасап жүретін. Қажыгерлер жасасын, Істерін жақсы білетін.
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Біздің ұлттық валюта
Біздің ұлттық валюта, Теңге елдің жүрегі. Көшті бастап алға деп, Айналымда жүреді.
©  Ұлттық валюта – теңге күні