Жұмыртқа туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 8
Жұмбақтар: 41
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 6
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 1
Туындылар: 1
Әңгімелер: 2
Ертегілер: 1

Әуеден ұшқан біл дейді,
Білдің бауыры зіл дейді,
Тіріден өлі шыққан
Ақылың болса біл дейді.
Бір үй бар әйнегі жоқ һәм есігі,
Ішінде алла берген бар несібі.
Болады бір жанды, бір жансыз,
Сандықтың табылады өз кәсібі.
Бір бөдененің ішінде екі түрлі суы бар.
Су көрдім реңі екеу бір қазанда,
Қақпағын аша алмайды ешбір жан да.
Бір нәрсе ақ пен сары, екі қабат,
Құдайым керемет берген аямай-ақ.
Ісіне құдіреттің таң қаласың,
Кетеді біраздан соң тарап-тарап.
Ғалымдар сөз сөйлесе ұқтырады,
Ішінде бір қалбырдың сүт тұрады.
Ол сүттің бірі жанды, бірі жансыз,
Жансыздар жаны барын жеп тұрады.
Суға қайнап сорпасы шықпас.
Құдайдың құдіреті көп болады,
Бір кеседе екі түрлі сүт болады.
Бір құдықтың екі алуан суы бар-ды,
Қайнатса оның суы мұз болады.
Кішкене ақ шыныда екі түрлі су.
Бір қазанның ішінде екі түрлі ас.
Есігі жоқ,
Тесігі жоқ,
Ақ доптың ішінде,
Несібі көп.
Түсі аппақ,
Тысы қатты-ақ,
Екі түрлі уызы,
Жесең тәтті-ақ.
Доп пішіндес тасты
Бауырына басты.
Жауабы: Жұмыртқа басқан құс
Айдалада ақ отау,
Аузы-мұрны жоқ отау.
Бір құтыда екі түрлі су жатады,
Қайнатсаң мұз боп қатады.
Ақ отаудың есігі де жоқ,
Тесігі де жоқ.