Бүркіт туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Бүркіт" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Бүркіт" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Бүркіт" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Бүркіт" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 14
Жұмбақтар: 15
Тақпақтар: 11
Өлеңдер: 36
Жаңылтпаштар: 2
Әңгімелер: 8
Ертегілер: 1
Аңыздар: 3

Далаға отау тіктім қонақ үшін,
Қонақ кісім ақылы шолақ үшін,
Қонақ қонып жатқанда үй жығылып,
Үй үстінде қалыпты қонақ кісім.

Жауабы: Бүркіт
Бір нәрсе екі аяқты, сегіз бармақ,
Іліксе дүниенің бәрін алмақ.
Өзінің тілі бар да тістері жоқ,
Жұтады көрінгенді алмап-жалмап.

Жауабы: Бүркіт
Таудан тоқым лақтырдым.

Жауабы: Бүркіт
Айуан екі аяқты, асқан батыр,
Басына о батырдың тіккен шатыр.
Шешерсің дана болсаң бұны біліп,
Кел-кел деп, қан майданға шығысқанда,
Бір айла..
Елең, елең етті,
Қарға ауылға қона кетті,
Қақтың суын іше кетті.

Жауабы: Бүркіт
Жер басқанның жүйрігі,
Аспаннан келер бұйрығы.
Бұйрығы жетіп келгенде
Шошаңдайды құйрығы.

Жауабы: Бүркіттің қоянды алуы
Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.
Құл құтырса, құдыққа қармақ салады.
Саятшы бапшыл болса, бүркітке бақ.
Бүркіт аш болса алады, тазы тоқ болса алады.
Бүркіт бабына келгенде қасқыр алады,
Қаршыға бабына келгенде түлкі алады.
Бүркітін мақтағанның ұясын сұра, жігітін мақтағанның нағашысын сұра.
Алжыған бүркіт тышқаншыл.
Бүркіттің сайрағаны – өлгені.
Бүркіт салсаң, алтайы түлкіден бөрік киерсің.
Бүркіт қартайса — тышқаншыл.
Бүркіт саңқылдаса,
Киік күйбектейді.
Қара арғымақ мінгенім,
Қыр айнала жүргенім.
Сегіз найза сенгенім,
Он екі қылыш ілгенім.
Биікте ұшып жүреді,
Елік, қоян бүреді.
Қия таста ұясы,
Бұл құсты кім біледі?
Ит иесі үшін алады.
Бүркіт жемі үшін алады.