Жылан туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Жылан" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Жылан" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Жылан" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Жылан" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 7
Мақал-мәтелдер: 31
Жұмбақтар: 35
Тақпақтар: 5
Өлеңдер: 24
Нақыл сөздер: 4
Әңгімелер: 6
Ертегілер: 8
Аңыздар: 3

Жылан өз иірлігін білмейді,
Түйенің мойнын күндейді.
Төбемде – қабылан,
Төменде – шыңырау толы жылан.
Тәтті тілді адам жыланды іннен шығарар.
Жылы сөз жыланды іннен шығарады.
Біреудің қолымен жыланның басын мылжалайды.
Жылан терісін өзгерткенімен,
Түрін өзгертпейді.
Батырды жылан шақса,
Пақырды қоңыз тістейді.
Жолдасыңның қолымен жылан ұстама.
Жылан шаққан алажіптен қорқады.
Балам жыланнан қашқандай, жазықтан да қаш.
Жаздыгүні жыланнан қорыққан,
Қысты күні ала жіптен аттамас.
Жылан иерлеңдесе де ініне тура кірер.
Адам бір сөйлескенде жылан,
Екінші сөйлескенде құлан,
Үшінші сөйлескенде адам.
Жылы – жылы сөйлесең,
Жылан інінен шығады.
Ордалы жыланмен ойнама.
Қарап жатқан жыланның құйрығын баспа.
Жыланның өзі өлсе де,
Құйрығы өлмейді.
Көп жорытқан жылан, аяғын көрсетер.
Үйге кірген жыланды да
Басына ақ құйып шығарады.
Ысқырған жылан шақпайды,
Үреген ит қаппайды.
Жол үстінде егіз өрім,
Қамшы жатыр сегіз өрім.
Дүнияда кірпіксіз жан не болады?
Иір-иір ізі бар,
Құлағы жоқ, көзі бар.
Түсі суық ызғарлы,
Ауызында айыр бізі бар.
Кемпір - тіссіз,
Жүрсе - ізсіз,
Тисең - зиянды,
Өлтірсең - қиянды.
Орманнан шығар,
Сырты шұбар.
Ала түрлі,
Кілтең сырлы.