Еңбек туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Еңбек" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Еңбек" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Еңбек" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Еңбек" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 306
Жұмбақтар: 5
Тақпақтар: 47
Өлеңдер: 135
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 172
Құттықтау, тілектер: 33
Туындылар: 3
Әңгімелер: 20
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Шығармалар: 10
Эсселер: 9

Еңбексіз — өмір тұл.
Ойсыз — көңіл тұл.
Өзі ірі, еті тірі, жаны сірі —
Жұмыстың пірі.
Еңбегі аздың өнбегі аз.
Еңбегі ештің
Күні — кеш.
Түйменің инесіз күні жоқ.
Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,
Бітірген ісін сұра.
Елге қылған жақсылық,
Еленбей қалмайды.
Еңбек еткен ерінбей —
Кенелмей қалмайды.
Ергенек болмаса,
Есік тұра ма?
Еңбеккер болмаса,
Несіп тұра ма?
Бір еңбектің — бір рахаты бар.
Қалған іске — қар жауар.
Бал ұстаған бармағын жалар.
Ынта болса адамда
Қиын іс жоқ ғаламда.
Әрекет болмай — берекет жоқ.
Еңбексіз — рахат жоқ.
Еңбек — ырыстың бұлағы,
Еңбек — бақыттың шырағы.
Ерінбей еңбек істесең —
Етек-жеңің кеңейер
Етек-жеңің кеңейсе
Терезең жұртпен теңейер.
Үдере көшкен уығын сындырады,
Жұмыла жұмыс істеген
Жұмысты тындырады.
Ерінбей еңбек етсең —
Ерінің асқа тиеді.
Ерініп ілбіп кетсең,
Иегің тасқа тиеді.
Өзен жағалағанның
Өзегі талмас.
Жүйесін тауып, жұмыс қыл.
Жерін тауып, тыныс қыл.
Көз қорқақ,
Қол батыр.
Алтын әзәзіл— аздырар.
Адал еңбек – бойыңды жаздырар.
Көндікпесең бейнетке,
Қолың жетпес зейнетке.
Еңбек етсең — еленерсің,
Еңбегіңе кенелерсің.
Есің жиып, етек жауып,
Елге жетіп теңелерсің.
Кедейлік кетсін десең, еңбек ет.
Молшылық жетсін десең, еңбек ет.
Жер — өмірдің бесігі.
Еңбек — ердің несібі
Еңбек еткен —
Мұратқа жеткен.