Теміртау туралы ✍️
Басқа: 3
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 27
Өлеңдер: 14
Құттықтау, тілектер: 10
Әңгімелер: 1
Шығармалар: 2
Аңыздар: 1
Эсселер: 2
Теміртаудай қаламда
Теміртаудай қаламда, Қазба байлық әні бар. Теміртаудай даламда, Туғандардың бағы бар.
© Теміртау қаласы
Теміртауым жүректе
Теміртауым жүректе, Шырқалатын ән болып. Өзің барда Теміртау, Жүрем менде бар болып.
© Теміртау қаласы
Теміртау бұл, қараңыз
Индустриялды орталық, Теміртау бұл қараңыз. Сенде туған Теміртау, Біздер бақыт табамыз.
© Теміртау қаласы
Теміртауым ай, күнім
Теміртауым ай, күнім, Таусылмайтын байлығым. Сенде туған мен балаң, Қастерлейтін айдынын.
© Теміртау қаласы
Сендей қала барында
Бақыттымын, Теміртау, Сендей қалам барында. Теміртауым жүрегім, Қуанамын барыңа.
© Теміртау қаласы
Нұра өзеннің бойында
Орналасқан қалам бұл, Нұра өзеннің бойында. Теміртауым, далам бұл, Байлығы бар қойнында.
© Теміртау қаласы
Жер қойнауы байлығы
Жер қойнауы, байлығы, ТМД ға танымал. Теміртауым бұл менің, Ғажайыбы тағы бар.
© Теміртау қаласы
Теміртаудың мекені
Шойын зауыт қамтылған, Теміртаудың мекені. Сенде туған мені бұл, Ең бақытты етеді.
© Теміртау қаласы
Индустриялды орталық
Индустриялды орталық, Теміртауым сен менің. Қалам ғажап, даламсың, Бір өзіңсің сенгенім.
© Теміртау қаласы
Теміртауым жазым сен
Теміртауым жазым сен, Жылытатын жанымды. Шуақ шашар күнім сен, Гүлдендірер бағымды.
© Теміртау қаласы
Теміртауым өзіңсің
Теміртауым өзіңсің, Арайлы атар таңымдай. Теміртауым мен сені, Жақсы көрем жанымдай.
© Теміртау қаласы
Теміртауым асылым
Теміртауым асылым, Бар жақсыны беретін. Шуағымсың, күнімсің, Көңілге күй себетін.
© Теміртау қаласы
Теміртауым көктемім
Теміртауым көктемім, Сенде туып көктедім. Туған сендей қаламда, Арманым да жоқ менің.
© Теміртау қаласы
Мен бақытты баламын
Мен бақытты баламын, Туған сендей қаламда. Теміртауым өзіңдей, Қала жоқ бұл ғаламда.
© Теміртау қаласы
Теміртауым ғажабым
Теміртауым ғажабым, Жарқырасын ажарың. Әрбір ісің оң болып, Тарқамасын базарың.
© Теміртау қаласы
Теміртауым бақытым
Теміртауым бақытым, Сеніменен жанданам. Жарқырасаң жұлдыздай, Ең бақытты жан болам.
© Теміртау қаласы
Теміртауым сен барда
Теміртауым сен барда, Биіктеймін, өсемін. Сенде жүріп Теміртау, Бақытты күй кешемін.
© Теміртау қаласы
Жақсы көрем өзіңді
Теміртауым киелім, Жақсы көрем өзіңді. Сенде туып, бақытты, Сезінемін өзімді.
© Теміртау қаласы
Қазақтың кең даласы
Қазақтың кең даласы, Теміртауды қарашы. Туылған бұл қалада, Мен қазақтың баласы.
© Теміртау қаласы
Орталықта бұл қала
Орталықта бұл қала, Қарағанды облысы. Теміртауым бұл менің, Болып жатқан оңдц ісі.
© Теміртау қаласы
Теміртаудың даласы
Теміртаудың даласы, Байлығымен танымал. Индустриялды орталық, Еңбексүйгіш тағы бар.
© Теміртау қаласы
ТМД ға танымал
ТМД ға танымал, Қазба байлығыменен. Теміртауым бұл менің, Баурар ай, күніменен.
© Теміртау қаласы
Нұра өзеннің бойында
Нұра өзеннің бойында, Теміртауым бар менің. Шойын, болат зауыты, Шахтасында бар кенім.
© Теміртау қаласы
Теміртаудай қаламда
Теміртаудай қаламда, Қазба байлық көп неткен. Бүкіл қазақ даласын, Байлығымен тербеткен.
© Теміртау қаласы
Теміртау қаласы
Теміртаудың қаласы, Қазақтың кең даласы. Жер қойнауы ғажайып, Қалам осы қарашы.
© Теміртау қаласы