Жаман туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Жаман" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Жаман" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Жаман" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Жаман" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 399
Тақпақтар: 5
Өлеңдер: 71
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 94
Туындылар: 1
Әңгімелер: 8
Шығармалар: 1
Аңыздар: 1

Жақсы көпке зейнет,
Жаман көпке бейнет.
Жақсы бала — жансақ,
Жаман бала — малсақ.
Жаман өле жейді,
Жақсы бөле жейді.
Жаманға жүзің салма,
Малды екен деп.
Жақсыдан күдер үзбе,
Жарлы екен деп.
Жақсы адам жолына
Жол азық қалдырады.
Жаман адам жолыңа
Ор қазып қалдырады.
Жаман адам кетсе,
Дүние кеңіп қалғандай болады.
Жақсы адам кетсе,
Дүние кеміп қалғандай болады.
Жаманға — таяқ,
Жақсыға — ишарат.
Жақсы жігіт
Ағайынның басын қосады.
Жаман жігіт
Жақсы ағаның жолын тосады.
Жақсыға барсаң —
Жазылып қайтарсың.
Жаманға барсаң —
Жабығып қайтарсың.
Жақсыны айтып,
Жаманды таяп қой.
Жақсының сағы сынғанша,
Жаманның жағы сынсын.
Жақсы болса дуана,
Алдынан шық құп ала.
Жаман болса дуана,
Ит айтақтап қуала.
Жақсы болса балаңды
Жанарым де — көзімнің.
Жаман болса балаңды
«Жаманым» де өзімнің.
Екі жақсы қосылса,
Ай мен күндей жарасар.
Екі жаман қосылса,
Ырылдасар, таласар.
Жақсы сыйлағанының құлы,
Жаман қорыққанының құлы.
Жамансыз жақсы болмас,
Несиесіз, нақты болмас.
Жаман етіңе келеді,
Жақсы ниетіңе келеді.
Өзін ғана ойлаған
Жамандықтың белгісі,
Өзгені де ойлаған
Адамдықтың белгісі.
Жаманның қолында болғанша,
Жақсының жолында бол.
Жақсыдан жаман туса,
Емі табылмас.
Жаманнан жақсы туса,
Теңі табылмас.
Жақсы жігіт сапардан:
Елін аңсап қайтады,
Алдына мал сап қайтады.
Жаман жігіт сапардан:
Пістесін шағып қайтады,
Қалтасын қағып қайтады.
Жақсы әйел
Жаман еркекті би етеді.
Жаман әйел
Жақсы еркекті құл етеді.
Жақсының соңынан көп ереді,
Жаманның соңынан шөп ереді.
Жақсы атқа бір қамшы,
Жаман атқа мың қамшы.
Жақсының шарапаты
Тиер тар жерде;
Жаманның кесапаты
Тиер әр жерде.