Еңбек туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Еңбек" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Еңбек" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Еңбек" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Еңбек" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 306
Жұмбақтар: 5
Тақпақтар: 47
Өлеңдер: 135
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 172
Құттықтау, тілектер: 33
Туындылар: 3
Әңгімелер: 20
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Шығармалар: 11
Эсселер: 9

Өз халқыңа қызмет етпей...
Майда бол жігіт болсаң тал жібектей,Жарамайды қатты болу тікенектей.Білімің болсадағы ұшан-теңіз,Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.
©  Шал Құлекеұлы
Қазаққа пайда....
Қазаққа пайда мынау: малын бақсын,Отқа жайып, суарып, бағып-қақсын.Алдынан - мал, үстінен - үйі кетсе,Кеуек қардың үстінде қалай жатсын.
©  Шал Құлекеұлы
Сіз әрқашан Бірінші болғыңыз келе ме?Қайғы-уайым жоқ болсын және салауатты өмір сүргіңіз келе ме?Менің кеңесім: сіз жалқауланбаңыз, Жұмыс істеңіз..
Дәрігерге де, акробатқа даЕңбек үшін беріледі … жауабы: айлық, жалақы
Маймылдан қалайАдамды жасауға болады?Және қандай құралдарБұл прогреске көмектесті? Жауабы: Еңбек
Жарайсың деп айтадыЕгер саған ұнаса …Жауабы: Еңбек
Еңбексіз тоғаннан балық ала алмайсыз.
Биік мансап – биік жартас. Ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады. Жікшіл ел жетпей мақтайды, желөкпелер шын деп ойлайды.
©  Абай Құнанбаев
Еңбек - адам шырайы
Адам адам аталғалы еңбектің біздің еліміздегідей құдіретті болғанын тарих көрген емес. Көне тарих талай коғам көшін көз алдынан өткерді, талай..
©  Кәкімжан Қазыбаев
Еңбек ет те, міндет ет. 
Көп еңбегі — көңілді. 
Еңбегің сайлы болса,Ішің майлы болар. 
Еңбек ет те мақтан,Ойнап-күл де шаттан. 
Еңбек — ширатады.Өмір — үйретеді. 
Кетпен шауып өлгем жоқ,Кемтаршылық көргем жоқ.Таңмен таласа тұрғанныңТалай ісі бітеді.Тал түске дейін жатқанныңТалай ісі кетеді? 
Еңбек пен бақыт егіз. 
Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады.Еріншек ұйқыдан қирап тұрады. 
Рысты еңбек етіп,Жерден сұра,Жерге аққан ыстық,Мөлдір терден сұра. 
Еңбек деген байлық бар,Ерінбеген жететін.Жоқшылық деген жебірдіЖермен-жексен ететін. 
Еңбекпен ер өседі,Егізден төл өседі. 
Елің сені елесе,Еңбегіңнің жанғаны,Елің сені шенесе,Көз қырына алғаны. 
Мал өсірсең мол өсір,Кеңейтеді пейіліңді.Еңбек етсең — көл көсірҚандырады мейіріңді. 
Еңбек ет те, егін ек,Жарымасаң маған кел.Белді бу да бейнет қыл,Байымасаң маған кел. 
Еңбекте қорлық жоқ.Шындықта зорлық жоқ. 
Еңбектен алғанның бүйірі шығады.Кісіден алғанның екі көзі шығады.