Бөлім: «Нақыл сөздер»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Оқырман не бəрінен хабардар, не ештеңе білмейтін болуға тиіс.
©  Жак Деррида
Таза «иə» болмайтыны тəрізді, таза дарын деген де болмайды.
©  Жак Деррида
Ең бір сеніп қалуға болмайтын нəрсе – тарихтың метафизикалық ұстыны.
©  Жак Деррида
Деректің өзі – теория: сипаттап берсең болғаны.
©  Жак Деррида
Нүкте қашанда қалауыңызға қарай қойылады.
©  Жак Деррида
Тілге бұйырған тағдырдың өзі – тəннен бөлініп шығу.
©  Жак Деррида
Бір мезгілде əрі талдап отырған мəтіннен көз жазып қалмау, əрі өзің тапқан дүние боларлық бірдеңе жазып шығу – мүмкін емес.
©  Жак Деррида
Жай-жапсарын толық тəптіштеп əңгімелеу деген – маңызды деталь дегеннің бəрін сүзгіден өткізіп, сұрыптауға жатады: яғни цензура жасау деген сөз.
©  Жак Деррида
«Жекелеген қайта құру» деген болмайды: ол – барлық жерде бірдей жүзеге асуға тиіс құбылыс.
©  Жак Деррида
Ортақ ереже болмаса – ешкім ешкімге ешқашан ортақ кеңес бере алмайды.
©  Жак Деррида
Əдеби дəстүрдің тілдің өзімен таласып, оның сыртынан да бірдеңе тауып алғысы келгенінде тұрған ештеңе де жоқ.
©  Жак Деррида
Кітаптың соңы – жазудың басы болмайды.
©  Жак Деррида
Лениннің «əулиелігі» – Мəскеудің Иерусалим атанғаны сияқты.
©  Жак Деррида
Тəжірибе жинақталса болды, басқа бірдеңеге сілтеме жасау деген де сумаң етіп шыға келеді.
©  Жак Деррида
Тарихта ұдайы осылай болып тұрады: ол алға қадам жасаған еді, сол үшін əлденесін құрбандыққа шалуға тура келді. 
©  Жак Деррида
Кейде тура бастан ұрғандай дөрекі ұрандармен көшеге шығуға тура келеді.
©  Жак Деррида
Өз тілінде сөйлеу – тəржімə талап ету деген сөз.
©  Жак Деррида
Тілден де тыс бірдеңе бардай көрінетін бірдеңе бар екені анық: бəрі қалай айтуға байланысты.
©  Жак Деррида
Бір нəрсені қалпына келтіру үшін жаңа құрылымды бұзу керек болатын кез де аз емес. 
©  Жак Деррида
Оппозицияны қайта құру деген – алдымен белгілі бір сəтте иерархияны аяғын аспаннан келтіріп айналдырып қою.
©  Жак Деррида
«Иə» қайталауды қажет етеді.
©  Жак Деррида
Ара-тұра пысықтықтың да ішкі түйсікке сай тапқырлық танытып, дұрыс таңдау жасай білудей көрінетіні бар. 
©  Жак Деррида
Кейде сырты қаншалықты сабырлы болса, іші соншалықты буырқанысқа толы құбылыстар кездеседі.
©  Жак Деррида
Бар жерде барлық жағдайда тек айырмашылық пен ізден кейінгі із ғана бар.
©  Жак Деррида
Ойынға айналған жерде ой да ештеңе айтқысы келмей қалады.
©  Жак Деррида