Жак Деррида

Жак Деррида (1930 жылы туған) – француз философы. Структурализм ағымының өкілі. Мəдениеттанушы ретінде де кең танымал. Өзі «деконструктивизим» деп атаған философиялық концепцияның авторы. «Грамотология» (1967), «Дауыс жəне құбылыс» (1967), «Шашырау» (1972), «Позициялар» (1972), «Маркстің елестері» (1993) жəне басқа белгілі еңбектер жазды. 1930 жылғы 15-шілдеде Алжирде дүниеге келген. 1952 жылы Жоғары Қалыпты мектепке оқуға түседі. Осында ол М.Фукомен жəне Л.Альтюссермен жақын танысады. 1960–1964 жылдары Сорбонда сабақ береді, кейін – Жоғары Қалыпты мектепте жəне Əлеуметтік ғылымдар саласында зерттеулер жүргізу Жоғары мектебінде ұстаздық етті, Еуропа қалаларында лекциялар оқиды. 1981 жылы чех интеллектуал-диссиденттеріне қолдау көрсеткен. Чехословакияға барған сапарында «наша өндіргені мен сатқаны үшін» деген жаламен қамауға алынды. Одан Франция президенті Ф.Миттеранның араласуының арқасында босатылды. 1988 жылы оккупацияланған аймақта Палестина зиялыларымен кездесіп, олардың азаттық жолындағы күресіне іш тартатындығын білдірді. Халықаралық философиялық колледждің (1983) негізін қалаушылардың бірі.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: