Бекен әбдіразақов өлеңдері туралы Өлеңдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 8
Өлеңдер: 331

Кешкі нұрға көз салып бұлттағы...
Кешкі нұрға көз салып бұлттағы, Жорамалдау – ежелгі ел ғұрыптары.Күн түгілі, жұлдыз да жыпырлаған Көрінбейді – тіршілік құлыптағы.Мен қайтейін..
©  Бекен Әбдіразақов
Адам не, Құдай сөзі тәрік маған...
Адам не, Құдай сөзі тәрік маған, Баяғы семіз көңіл арықтаған! Жүнін жұлған тауықтай күлде жатыр Алтын құс аспанымда шарықтаған.Шығасыға – иесі кінәлі..
©  Бекен Әбдіразақов
Әйелдердің көзіне әлі жетеді!
Әйелдердің көзіне әлі жетеді! Көтереді не салмақты етегі. Қан-қайғысын жуындырып жасымен, Сәбиіндей орап алып кетеді.Әлдиімен ұйықтатады..
©  Бекен Әбдіразақов
Жантайдым ғой жанына сұлулардың...
Жантайдым ғой жанына сұлулардың, Кім аңсамас бақшасын жылу-нәрдің. Бір түнесе, мың жылдық мауқын басып, Армандайды тояттап тұруды әркім!Қарай көрші..
©  Бекен Әбдіразақов
Махаббаттың сыры, сыны кеткесін...
Махаббаттың сыры, сыны кеткесін, Суық шалған пендедей-ақ өкпесін. Кісі аяйтын сұрын көріп жаныңыз, Болашақтан суынады қаныңыз.Кім айтады махаббат..
©  Бекен Әбдіразақов
Қайғы, қандай түнменен мінездес ең...
Қайғы, қандай түнменен мінездес ең, Сіңіп, ұшып кетесің лезде сен! Сығырайған шамың да өршелене, Түн жапқан соң төгеді нұр өзгеше.Тар бөлмеге тығылып..
©  Бекен Әбдіразақов
Есің барда елің тауып...
Есің барда елің тауып, Етегіңді жапқаның –Төнген шақта өлім-қауіп Қорғаныңды тапқаның.Ылаң тірлік қақпайында Мен жұртымнан шеттедім. Туысқанның шат..
©  Бекен Әбдіразақов
Алатаудың ұшарынан Ай төніп...
Алатаудың ұшарынан Ай төніп, Кеудемдегі сезім гүлі қайта өніп, Ұяңдана, дірілдеумен сәулеге Сыр ашуға әуен таппай әуре ме?Сұлулықтың сымбаты ғой..
©  Бекен Әбдіразақов
Сөз сүйектен өткенде, таяқ еттен...
Сөз сүйектен өткенде, таяқ еттен, Жанымды мен қаңқудан аяп өткем. Бас сауғалап өсектен қанша қаштым, Бүгін жанып отында жанталастым!Жарып алып..
©  Бекен Әбдіразақов
Аларымнан берерім көп десең де...
Аларымнан берерім көп десең де, Бүр түп талың көрінбейді көшеңде. Татып алсаң, күйдіреді тіліңді Мөлдіреген сусының да кесеңде!Тілек қоспай..
©  Бекен Әбдіразақов
Жол үстінде жолыққан жолаушыдай
Жол үстінде жолыққан жолаушыдайЖолықтық па, жоғалып сонау шырай?Күдік жайлап, аңдыстық екеуміз де, Жер соқтырып кететін тонаушыдай.Ертелі-кеш сұм..
©  Бекен Әбдіразақов
Күйініштің топандай қара суы
Күйініштің топандай қара суы Қаптады да, ышқынды жан ашуы.Бәйгелерден сњйінші сњратпады, Жүйрік көңіл кем болып таң асуы.Бағыменен сорының таласуын..
©  Бекен Әбдіразақов
«Қыз кеткен соң, ауылдан қызық кеткен!»
«Қыз кеткен соң, ауылдан қызық кеткен!» Дәурен бе едің көңілді бұзып кеткен. Күзгі аспанға қиқусыз, қанаты жоқСағынышты тырнадай тізіп кеткен.Бір..
©  Бекен Әбдіразақов
Жапырақтай жүрегім қалтырады...
Жапырақтай жүрегім қалтырады, Қазан ұрды, мезгілсіз күзім келіп. Енді қандай менімен жан тұрады, Ажарымнан ажалдың жүзін көріп.Елу жылғы бау-бақша..
©  Бекен Әбдіразақов
Хабар күттім тағы да лүпілменен...
Хабар күттім тағы да лүпілменен, Өзектен от атылмай, түтінденем. Дауасыз дерт, бас – қауға дағарадай,Сынып-сынып сыздайды бүтін денем!Таңертеңнен..
©  Бекен Әбдіразақов
Таңғаламын: адам атты мақұлық...
Таңғаламын: адам атты мақұлық, Жас күнінде оңды-солды сапырып,Қартайғасын кәлпе бола қалады, Жоқ иманын, жоқ Құдайын шақырып.Сол тұқымнан тарағанның..
©  Бекен Әбдіразақов
Қара су мен қатқан нан – ас құдайы...
Қара су мен қатқан нан – ас құдайы, Қазыны аңсап аузыңды ашпа ұдайы. Дүниеде аумалы-төкпелі бұл Таққа қонар кешегі өкпелі құл!Заманында зулаған..
©  Бекен Әбдіразақов
Қараша үйден құйын кетпей жүргені...
Қараша үйден құйын кетпей жүргені–Шайқалтпақшы о баста бос іргені.Маңайыңа құлақ түрме, естілсе Қорадағы күшігіңнің үргені.Ауыл-елге әйгіленсе..
©  Бекен Әбдіразақов
Ойнақтаған балаңыз от басады...
Ойнақтаған балаңыз от басады, Әке-шеше таңғалып оттасады. Екеуінің ауызы көбіктеніп, Ел көзіне шалынбас жоқты ашады.Қарыспалар қаруын оқтасады, Құр..
©  Бекен Әбдіразақов
Желбуаздай жүйткиді жаман атың...
Желбуаздай жүйткиді жаман атың,Жер-көктегі жексұрын жамалатын.Адам деген атың да әдіре қап, Күлге ұшады әздекті аманатың.Жер тепкілеп, байбайла жата..
©  Бекен Әбдіразақов
Жүрегіме жара сап ең...
Жүрегіме жара сап ең, Тыртық қалды орнында! Жұрт көзінен жаба сап ем, Өршеленіп болдың ба?Жара түскір кезек алып, Ісінді де ұлғайды.Алынбайтын өзегі..
©  Бекен Әбдіразақов
Қағазға құпиямды хаттамасам...
Қағазға құпиямды хаттамасам, Жат сөзден, тіл сұғынан сақтамасам, Кейінгі ұрпақ бетін қалай көрем, Күнәдан өзімді-өзім ақтамасам?!Маған да жат болмады..
©  Бекен Әбдіразақов
Сындырмай-ақ жүрсем де мен қырымды...
Сындырмай-ақ жүрсем де мен қырымды, Көңіл қайда құстай ұшқан бұрынғы! Көжектей-ақ үркек сезім іште бар, Алдырмауға аңдысамын сырымды.Бірақ кейде..
©  Бекен Әбдіразақов
Жақсы ит өлімтігін жасырғанда...
Жақсы ит өлімтігін жасырғанда, Мінезбен абыройын асырғанда, Тірідей көз түрткі боп жүргенімше, Ит құрлы болмаймын ба басым барда!Барар жер, пана..
©  Бекен Әбдіразақов
Жүр екенсіз қай жерде, Қуан-аға?!
Жүр екенсіз қай жерде, Қуан-аға?! Сізді еске алсам көңіл де жұбана ма?! Әбекеңнің жалғызы жырақтағыҰқсар қазір дауасыз дуанаға!Қуан-аға, жүрегің ұға..
©  Бекен Әбдіразақов