19 қазан туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 30
Өлеңдер: 5
Құттықтау, тілектер: 21
Шығармалар: 2
Эсселер: 2

Мен де сіздей боламын
Мен де сіздей боламын, Құтқарушы өскенде. Ағалардай сияқты, Жол ашамын ертеңге!
©  Құтқарушылар күні
Көңіліңіз жай болсын!
Әр ісіңіз оң болып, Көңіліңіз жай болсын! Ғұмырыңыз ұзақ боп, Саулығыңыз сай болсын!
©  Құтқарушылар күні
Құтқарушы күнінде
Құтқарушы күнінде, Жарқыраңыз күн, айдай. Айбыны асқақ ағалар, Жүріңіздер сіз жайнай.
©  Құтқарушылар күні
Жүріңіздер жарқырап
Жүріңіздер жарқырап, Адамдарды құтқарып. Шын жүректен сіздерге, Алғыс айтып жүр халық.
©  Құтқарушылар күні
Істеріңіз оң болсын!
Құтқарушы ағалар, Істеріңіз оң болсын! Еңбектерің жанданып, Ырзығыңыз мол болсын!
©  Құтқарушылар күні
Сіздер барда ағалар
Сіздер барда ағалар, Жайқалады бағымыз. Адамдарды құтқарып, Ерлейсіздер тағы сіз.
©  Құтқарушылар күні
Жарқырасын күн, айың
Жарқырасын күн, айың, Қызыметің жарқырап. Құтқарушы ағалар, Жүрші ағындай арқырап.
©  Құтқарушылар күні
Ризамыз біз сіздерге
Құтқарушы ағалар, Ризамыз біз сіздерге. Еңбек етіп ел үшін, Нұр сыйлайсың біздерге...
©  Құтқарушылар күні
Жана берсін еңбегің
Құтқарушы ағалар, Жана берсін еңбегің. Қауіп қатер жоқ болып, Жайнай берсін ертеңің!
©  Құтқарушылар күні
Құтқарушы жан ізгі..
Түрлі апаттан құтқарар, Құтқарушы жан ізгі. Әрқашанда ағалар, Құрметтейміз біз сізді.
©  Құтқарушылар күні
Тілеймін бар жақсыны
Тілеймін бар жақсыны, Құтқарушы жандарға. Істеріңіз оң болсын, Шығаратын заңғарға! 
©  Құтқарушылар күні
Жоғалмасын әніңіз
Құтқарушы ағалар, Жоғалмасын әніңіз!  Қилы күндер болса да, Шырайлы атсын таңыңыз! 
©  Құтқарушылар күні
Болмасын қайғы-қасірет
Ағаларым айбынды, Болмасын қайғы-қасірет. Қиындықтар келсе егер, Жеңіп оны асып өт! 
©  Құтқарушылар күні
Оңды болсын ісіңіз
Құтқарушы ағалар, Оңды болсын ісіңіз. Жаратқаным жар болып, Таси берсін күшіңіз.
©  Құтқарушылар күні
Жарқырасын жүзіңіз
Құтқарушы ағалар, Жарқырасын жүзіңіз. Қызыметте іс оң боп, Аман-есен жүріңіз! 
©  Құтқарушылар күні
Құтты болсын мерекең
Құтты болсын мерекең, Он тоғызы қазанның. Құтқарушы ағалар, Болмасыншы азабың! 
©  Құтқарушылар күні
Он тоғызы келгенде
Он тоғызы келгенде, Жадырасын жаныңыз. Құтқарушы ағалар, Сынбасын еш сағыңыз.
©  Құтқарушылар күні
Атаулы күн,   ерекше
Атаулы күн,  ерекше, Он тоғызы қазанның. Құтқарушы күні бұл, Шырқап айтар саз әнін...
©  Құтқарушылар күні
Қазанның Он тоғызы
Қазанның Он тоғызы, Мерекелі күн бүгін. Құтқарушы ағалар, Арта берсін бірлігің! 
©  Құтқарушылар күні
Он тоғызы қазанның
Он тоғызы қазанның, Құтты болсын мерекең. Құтқарушы ағалар, Артсын дәйім берекең! 
©  Құтқарушылар күні
Құтқарушы сіз барда
Құтқарушы сіз барда, Ағаларым айбынды. Қуанышта,  шаттықта, Өткіземіз ай, күнді.
©  Құтқарушылар күні
Жадырасын жаныңыз
Құтқарушы ағалар,Жадырасын жаныңыз. Істеріңіз оң болып, Шырайлы атсын таңыңыз! 
©  Құтқарушылар күні
Құтқарушы жандар бұл
Құтқарушы жандар бұл, Қатер,  түрлі апаттан. Жасай берші ағалар, Құтқарушы азаптан.
©  Құтқарушылар күні
Жүрегі кең ағалар
Жүрегі кең ағалар, Құтқарушы қатерден. Қиындықтан құтқарып, Шаттық күйді әкелген.
©  Құтқарушылар күні
Мен де сіздей боламын
Мен де сіздей боламын, Құтқарушы ағалар. Адамдарды құтқарып, Шаттық берер балаға әр.
©  Құтқарушылар күні