Қоштасу туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 158
Өлеңдер: 201
Нақыл сөздер: 6
Құттықтау, тілектер: 2
Туындылар: 1
Әңгімелер: 9
Шығармалар: 3
Эсселер: 1

Әліппеме рахмет
Алғаш әріп танытқан, Әліппеме рахмет. Хош бол менің Әліппем, Бізден саған көп құрмет.
©  Қоштасу тақпақтары
Қырық екі әріпті
Қырық екі әріпті, Үйреттің сен біздерге. Хош бол менің Әліппем, Рахмет ұстаз сіздерге.
©  Қоштасу тақпақтары
Әліппенің арқасы
Оқып жатсақ буындап, Әліппенің арқасы. Хош бол менің Әліппем, Күй сыйлаған ең жақсы.
©  Қоштасу тақпақтары
Рахмет саған,  Әліппем
Рахмет саған, Әліппем, Әріптерді үйреткен. Хош бол менің Әліппем, Әріп білер күйде еткен.
©  Қоштасу тақпақтары
Хош бол менің әліппем
Әріптерді үйреткен, Хош бол менің әліппем. Сенен әріп үйрендім, Сөзді оқып қаріппен
©  Қоштасу тақпақтары
Бүгін сондай бас қосу
Бүгін сондай бас қосу, Ашық сабақ,  салтанат. Әліппемен хоштасу, Қимастықпен махаббат.
©  Қоштасу тақпақтары
Бастауыштан басталған
Оқу оқу,  үйрену, Бастауыштан басталған. Хош бол енді бастауыш, Үйренуге бас болған.
©  Қоштасу тақпақтары
Болдың өзің Күн,  Айым
Бастауышым ғажабым, Бастау болған білімге. Болдың өзің күн,  айым, Жолын ашқан ілімге.
©  Қоштасу тақпақтары
Бастауыш бақытым
Әріптерді үйреткен, Бастауышым бақытым. Ұстаздарым мың алғыс, Арнаған бар уақытын. Хош бол енді бастауыш, Сыйлаған бар жақұтын.
©  Қоштасу тақпақтары
Ең алғашқы ұстазым
Бастауыштан басталар, Ең алғашқы ұстазым. Төрт жыл бірге өткізген, Біздерменен қыс, жазын. Хош бол деймін бастауыш, Хош бол деймін ұстазым.
©  Қоштасу тақпақтары
Бастауышым тұмарым
Бастау алар бұлағым, Бастауышым тұмарым. Хош бол деймін өзіңе, Арналып бұл жыр, әнім.
©  Қоштасу тақпақтары
Орның сенің ерекше
Бастауышым, киелім, Өзіңе бас иемін. Орның сенің ерекше, Екендігін білемін. Хош бол,  сені еске алып, Әрқашанда жүремін.
©  Қоштасу тақпақтары
Бастауышпен басталар
Оқу,  білім бәрі де, Бастауышпен басталар. Хош бол деймін бастауыш,Ұмытылмас боп қалар.
©  Қоштасу тақпақтары
Бастауыш хош деймін
Қимастықты сезініп, Бастауышым хош деймін. Ұстаздарым мың алғыс, Рахметім көп деймін.
©  Қоштасу тақпақтары
Бастауышым,  мектебім
Бастауышым,  мектебім, Мың алғыс көп өзіңе. Ұстаздарым мың алғыс, Үндеу қосқан сөзіме. Хош бол деймін бастауыш, Қимастықты сезіне.
©  Қоштасу тақпақтары
Хош енді,  хош бастауыш
Хош енді,  хош бастауыш, Алғаш әріп үйреткен. Ұстаздарым аман бол, Білім беріп,  тербеткен.
©  Қоштасу тақпақтары
Бастауышым, бұлағым
Білім берген ең алғаш, Бастауышым бұлағым. Хош бол деймін өзіңе, Бастау болған жыр,  әнім.
©  Қоштасу тақпақтары
Сенсің айтар жыр,  әнім
Алғаш әріп үйреткен, Бастауышым тұмарым. Санатқан есеп шығартқан, Сенсің айтар жыр, әнім. Хош бол деймін бастауыш, Бастау алған тұрағым.
©  Қоштасу тақпақтары
Бастауышым өзіңсің
Білім беріп ең алғаш, Тұсауымды кескен бұл. Бастауышым өзіңсің, Жанға азық еткен бұл.
©  Қоштасу тақпақтары
Бастауышым хош деймін
Қимай,  қимай өзіңе, Бастауышым хош деймін. Төрт жыл бізді оқытқан, Сені шыншыл дос деймін.
©  Қоштасу тақпақтары
Бастауыш бұл бастауыш
Мектепке алғаш қадамның, Бастауы бұл бастауыш. Әріптерді үйретіп, Оқытқан бұл бастауыш. Хош бол деймін өзіңе, Қимай,  қимай бастауыш.
©  Қоштасу тақпақтары
Бастауышпен басталған
Ең алғашқы оқуым, Бастауышпен басталған. Төрт жыл беріп білімін, Қадамымды бастырған. Хош бол деймін бастауыш, Білім кенін аштырған.
©  Қоштасу тақпақтары
Бастауышқа мың алғыс
Хош бол енді бастауыш, Әріптерді үйреткен. Бастауышқа мың алғыс, Білім беріп, тербеткен.
©  Қоштасу тақпақтары
Бастауышым бұл менің
Әріптерді үйретіп, Көркем жазу жаздырған. Бастауышым бұл менің, Білімді етіп мәз қылған.
©  Қоштасу тақпақтары
Хош деймін мен Бастауыш
Алғаш қалам алдырып, Оқытқан бар әріпті. Хош деймін мен бастауыш, Үйреткен әр қаріпті.
©  Қоштасу тақпақтары