Алфавит туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 11
Жұмбақтар: 85
Тақпақтар: 40
Өлеңдер: 4
Жаңылтпаштар: 36

Сені қимай барамын
Әріптерді үйреткен, Әліппемсің, бағалым. Қолымдағы Әліппем, Сені қимай барамын.
©  Қоштасу тақпақтары
Жүректесің Әліппем
Хоштассам да өзіңмен, Жүректесің Әліппем. Жақсы көрем ішінде, А, Ә, Б, В әріпті ең....
©  Қоштасу тақпақтары
Шаттығымсың сен менің
Қолымдағы Әліппем, Шаттығымсың сен менің. Әріптерді оқытқан, Бақ гүлімсің сен менің. Хоштасамын өзіңмен, Қимай сені келемін.
©  Қоштасу тақпақтары
Сенен оқып үйрендім
Әріптердің қатарын, Сенен оқып, үйрендім. Көп рахмет, Әліппем, Таңғажайып күйге ендім.
©  Қоштасу тақпақтары
Әліппемсің танымал
Әріптерді үйреткен, Әліппемсің танымал. Қырық екі әріппен, Қосып оқыр жаның бал. Хош бол менің Әліппем, Сені оқыған бағым бар.
©  Қоштасу тақпақтары
Әліппеме мың алығыс
Әліппеме мың алғыс, Әріптерді үйреткен. Беріп білім азығын, Рухани бай, күйде еткен. Хош бол менің Әліппем, Жанымызды гүлді еткен.
©  Қоштасу тақпақтары
Алғашқы әріп үйреткен
Алғашқы әріп үйреткен, Білімімен тербеткен, Әріптердің мекені, Хош бол менің Әліппем!
©  Қоштасу тақпақтары
Бастап сенен оқуды
Бастап сенен оқуды, Үйрендік біз Әліппем. Жүректе сен боласың, Хош бол менің Әліппем.
©  Қоштасу тақпақтары
Сөзді оқып, ежелеп
Сенен әріп үйрендік, Сөзді оқып ежелеп. Хош бол әріп мекені, Әліппесің ең керек.
©  Қоштасу тақпақтары
Әріптердің мекені
Әліппеміз ғажайып, Қуанышты етеді. Хош бол менің Әліппем, Әріптердің мекені.
©  Қоштасу тақпақтары
Орның бөлек Әліппем
Өтсін айлар, жылдар да, Орның бөлек Әліппем. Қоштасамын мен қимай, Өзіңменен Әліппем.
©  Қоштасу тақпақтары
Хош бол деймін Әліппем
Ең алғаш әріп үйреткен, Хош бол деймін Әліппем. Қоштасамын өзіңмен, Қимай сені Әліппем.
©  Қоштасу тақпақтары
Рахметім көп менің
Рахмет саған, Әліппем, Әріптерді танытқан. Қырық екі әріпті, Білім етіп дарытқан.
©  Қоштасу тақпақтары
Орның бөлек Әліппем
Әріптерді танытқан, Орның бөлек Әліппем. Қоштасып мен барамын, Қимай-қимай өзіңмен.
©  Қоштасу тақпақтары
Қоштасамын өзіңмен
Бүгін міне Әліппем, Қоштасамын өзіңмен. Парақтаймын бетіңді, Қимастық бар сезіммен.
©  Қоштасу тақпақтары
Әліппем сенің арқаңда
Әліппем сенің арқаңда, Таныстық біз әріппен. Әріптерді үйреткен, Көп рахмет Әліппем!
©  Қоштасу тақпақтары
Таныстық біз әріппен
Әліппем сенің арқаңда, Таныстық біз әріппен. Бастауындай бұлақтың, Болған менің Әліппем.
©  Қоштасу тақпақтары
Әліппені үйрендік
Таныстық біз ең алғашҚырық екі әріппен. Оқуды да үйреттің, Көп рахмет, Әліппем!
©  Қоштасу тақпақтары
Әліппеге мың алғыс
Әріптерді үйреткен, Әліппеге мың алғыс. Хош бол менің Әліппем, Берген бізге толғаныс.
©  Қоштасу тақпақтары
Рахмет сенің барыңа
Сүйікті менің Әліппем, Рахмет сенің барыңа. Алғысымыз көп біздің, Тағы, тағы,  тағы да. 
©  Қоштасу тақпақтары
Сенсің білім бастауы
Сенсің білім бастауы, Қолымдағы Әліппем. Біз өзіңнен таныстық, Қырық екі әріппен.
©  Қоштасу тақпақтары
Жүректе сен боласың
Әріптерді үйреткен, Рахмет саған Әліппем. Жүректе сен боласың, Хош бол менің Әліппем!
©  Қоштасу тақпақтары
Сенсің оқу бастауы
Сенсің өмір бастауы, Әріптерді танытқан. Хош бол енді Әліппем, Санамызды дамытқан.
©  Қоштасу тақпақтары
Әліппеме рахмет
Алғаш әріп танытқан, Әліппеме рахмет. Хош бол менің Әліппем, Бізден саған көп құрмет.
©  Қоштасу тақпақтары
Қырық екі әріпті
Қырық екі әріпті, Үйреттің сен біздерге. Хош бол менің Әліппем, Рахмет ұстаз сіздерге.
©  Қоштасу тақпақтары