Жаңа жылға құттықтау туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 58
Өлеңдер: 11
Құттықтау, тілектер: 51
Баталар: 3

Әже жаңа жылыңмен
Әже жаңа жылыңмен, Құттықтаймын мен сізді. Бар жақсыны тілеймін, Шын жүректен мен ізгі.
©  Жаңа жыл
Ата жаңа жылыңмен
Келіп жеткен бүгінгі, Ата жаңа жылыңмен. Құттықтаймын өзіңді, Шын жүректен бүгін мен.
©  Жаңа жыл
Әніміз бен жырымыз
Құтты болсын достарым, Келді жаңа жылымыз. Таусылмасын, бітпесін, Әніміз бен жырымыз.
©  Жаңа жыл
Күлімдейік шаттана
Келді жаңа жылымыз, Күлімдейік шаттана. Табыстарға жетейік, Жаңа күннен бақ таба.
©  Жаңа жыл
Жаңа әуен, жаңа жыр
Құтты болсын бүгінгі, Келді міне жаңа жыл. Жаңа жылым бастауы, Жаңа әуен, жаңа жыр.
©  Жаңа жыл
Жаңа жылда шаттанып
Қуанайық қанекей, Келді жаңа жылымыз. Жаңа жылда шаттанып, Қуанайық бәріміз.
©  Жаңа жыл
Құттықтаймын бүгінгі
Құттықтаймын бүгінгі, Жаңа жылмен кеп жеткен. Жаңа жылым, жаңа күн, Қуанышпен тербеткен
©  Жаңа жыл
Құтты болсын жаңа жыл
Келді міне жаңа жыл, Жаңа әуен, жаңа жыр. Жақсылыққа бастайтын, Құтты болсын жаңа жыл.
©  Жаңа жыл