Наурыз мейрамы туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 106
Өлеңдер: 19
Құттықтау, тілектер: 106
Баталар: 19
Әңгімелер: 1
Шығармалар: 12
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 8

Хош келіпсің, Наурызым!
Хош келіпсің, Наурызым, Бірге еніп көктеммен. Көк майсасы баурайды, Жасыл-желек көмкерген.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз келді, жаңа күн
Наурыз келді, жаңа күн, Жылдың басы жаңа жыл. Күн менен түн теңелер, Төбемізден шашып нұр.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз келді, нұр келді
Наурыз келді, нұр келді, Ән менен бір жыр келді. Наурыз тойын тойлайтын,.Қуанатын күн келді.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз келді, жыл келді
Наурыз келді, жыл келді, Бар айнала гүлденді. Табиғатым оянып, Бар айнала түрленді.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз келді жадырап
Наурыз келді жадырап, Табиғатым тіріліп.Күн менен түн теңесті,Айналамыз құбылып.
©  Наурыз мейрамы
Хош келдің Наурыз
Хош келдің, Наурыз! Мерекесі қазақтың. Жылдың басы, жаңа жыл, Жаңа күнім, ғажабым.
©  Наурыз мейрамы
Қозы-лақтар жамырап
Көктем келді достарым, Қозы-лақтар жамырап. Күн менен түн теңелді, Наурызымды қабылдап.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз келді, жыл басы
Наурыз келді, жыл басы, Қуантып бар халықты. Елдің тойы наурыз той, Мерейі үстім, данықты.
©  Наурыз мейрамы
Көктем келді, Наурызым!
Көктем келді, Наурызым, Күн менен түн теңесіп. Көк майсасы, бұраң бел, Отырғандай кеңесіп.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз келді жаңа жыл
Наурыз келді, жаңа жыл, Жылбасы бұл, жаңа күн. Күн мен түнім теңеліп, Күлім қағып әне тұр.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз әні шырқалып
Наурыз айы шырқалып, Айнала сән құрады. Жаңа жыл бұл, жаңа күн, Таусылмайтын жыр, әні.
©  Наурыз мейрамы
Әз-Наурызым
Әз-Наурызым той-думан, Салт-дәстүрім жаңғырған. Бүкіл халық тойлайды, Шашу шашып ән-жырдан.
©  Наурыз мейрамы
Жыл басы Наурыз
Жылдың басы Әз-Наурыз, Жаңа жылым, мереке. Әрбір қазақ үйінде, Арта берсін береке.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз келді
Наурыз келді қуантып, Жанды баурап гүл көктем. Жылдың басы қазақтың, Айналаны гүлді еткен.
©  Наурыз мейрамы
НАУРЫЗ
Наурыз келді, алақай,Бұлбұл құстар сайрады.Бұлақта су сыңғырап,Дала гүлдеп жайнады.Шопан атам қозысын,Қолтықтап ап келеді.Төлдің басын сыйлық..
©  Жәди Шәкенұлы
Наурыз
Наурыз айы келгендеКүн шуағы шашылыпАқ әжелер құлпырыпНаурызкөже пісырып Қонақтарға тартамыз
Наурыз келді ағайын
Наурыз келді ағайын, Құтты болсын мерекең. Гүл көктемдей құлпырып, Арта берсін берекең. Жібек Искакова
©  Наурыз мейрамы
Наурыз келді
Көктемнің бұл мерекесі есте қалар, Наурыз келді ағайын, қараңыздар. Гүл көктемнің әсерімен құлпыруда, Жанымыз бен айнала, даламыз бар... Жібек..
©  Наурыз мейрамы
Наурыз мерекесі
Жеті түрлі асымен құралатын, Наурыз көже ұлттық тағамы бар. Ақ тілектер ағылатын мерекеде, Үлкен-кіші, жастардың қадамы бар. Жібек Искакова
©  Наурыз мейрамы
Ақ мол болсын!
Наурыз құтты болсын, Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын, Әр қадам зор болсын! Жібек Искакова
©  Наурыз мейрамы
Ұлыстың ұлы күні
Ұлыстың ұлы күні, Әз-Наурызым бұл менің. Шығатын жарқын үні, Биігім, еңсем менің. Жібек Искакова
©  Наурыз мейрамы
«Наурызым» деп
«Наурызым» деп шаттанамын, «Наурызым» деп бақ табамын. Құтты болсын мерекеңіз, Шырқап көкте әсқақ әнің... Жібек Искакова
©  Наурыз мейрамы
Наурыз келсе түрленіп...
Наурыз келсе түрленіп, Бір ғажайып күйге еніп. Айналамыз жанданар, Жасыл-желек гүлденіп... Жібек Искакова
©  Наурыз мейрамы
Наурыз ашса есігін
Наурыз ашса есігін, Жаңа күні, жаңа жыл. Құтты болсын баршаға, Қуанышты сыйлап үн... Жібек Искакова
©  Наурыз мейрамы
Үшінші айы қазақтың
Үшінші айы қазақтың, Наурыз думан, мереке. Асқақ әнін жолдайды, Ән-күйімен тербете... Жібек Искакова
©  Наурыз мейрамы