Наурыз мейрамы туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 106
Өлеңдер: 19
Құттықтау, тілектер: 106
Баталар: 19
Әңгімелер: 1
Шығармалар: 12
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 8

Мен бақытты баламын
Мен бақытты баламын, Айтқан тілді аламын. Әжемменен бірге мен, Наурыз тойға барамын. Мен бақытты баламын, Жұлдыз болып жанамын. Наурыз тойда ән..
©  Наурыз мейрамы
Наурыз думан
Наурыз думан мереке, Әр көктемде келетін. Ұлттық ойын ойнатып, Сыйлықтарын беретін.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз көже ішеміз
Наурыз келсе думанды, Түрлі ойындар болады. Наурыз көже ішеміз, Ұлттық тағам бағалы.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз ашты есігін
Наурыз ашты есігін, Жаңа жылды бейнелеп. Наурыз көже іштік біз, Әжемізге еркелеп.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз думан тамаша
Наурыз думан тамаша, Мерекеге бастайтын. Күн менен түн теңесіп, Жаңа жылды растайтын.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз келді
Наурыз келді мереке, Қуандырып біздерді. Жаңа жылмен қазақтың, Құттықтаймын сіздерді.
©  Наурыз мейрамы
Наурыз мерекесі
Наурыз көже беріліп жеті астан, Жиналған жұрт көңілді,  көңілді аспан. Қыз бен жігіт сырласып наурыз тойда, Бірін-бірі ұнатып көңіл қосқан. Жібек..
©  Наурыз мейрамы
Наурыз келді
Ақ дастархан жайылып халық үшін, Дастарханнан дәм татып үлкен кішің. Наурыз келді төрімізге ағайын, Көңіл-күйдің беріп ең көңілдісін.  Жібек Искакова
©  Наурыз мейрамы
22 наурыз тақпақ
Күніміз бен түніміз бұл теңеліп, Қазақ елі қуанышқа кенеліп. Наурыз келді төрімізге ағайын, Самал желмен жасыл-желек тербеліп. Жібек Искакова
©  Наурыз мейрамы
Наурыз 22
Киіз үйлер тігіліп әр қанаттан, Нұрын төгіп көкжиектен таң атқан. Наурыз келді төрімізге ағайын, Жар боп бізге қолдаушымыз Жаратқан. Жібек Искакова
©  Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы
Қыс — кәрілік,  болса көктем — жастығым, Жастығымдай күлімсіреп ашты күн. Наурыз келді төрімізге ағайын, Жылдың басы,  біздер үшін басты күн.  Жібек..
©  Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы құтты болсын
Бар жылулық,  күннен шуақ таралып, Табиғатым жер анадан нәр алып. Наурыз келді төрімізге ағайын, Гүл көктемде бар айнала жаңарып. Жібек Искакова
©  Наурыз мейрамы
22 Наурыз - Наурыз мейрамы балаларға арналған тақпақтар жинағы
1) Наурыз келдіНаурыз келді қуантып, Жанды баурап гүл көктем. Жылдың басы қазақтың, Айналаны гүлді еткен.2) Жыл басы НаурызЖылдың басы Әз-Наурыз..
©  Жібек Ысқақова
Көңіліміз тоқ болсын!
Құтты болып Наурызым, Уайым-қайғы жоқ болсын! Ұлыс оң боп, ақ мол боп, Көңіліміз тоқ болсын!
©  Наурыз мейрамы
Жаңа жылым, наурызда
Жаңа жылым, Наурызда, Атты сәтті таң күліп. Бар айнала жанданып, Құлпыруда жаңаша.
©  Наурыз мейрамы
Арайлы таң сыйласын
Наурыз, жаңа жылымда, Бақ сыйласын жаңа күн. Арайлы таң нұр сыйлап, Күлімдесін күн мен түн.
©  Наурыз мейрамы
Құтты болсын мереке
Наурыз келді халайық, Құтты болсын мереке. Мерекеде жандана, Арта берсін береке.
©  Наурыз мейрамы
Көңіліміз жандансын
Ұлыстың ұлы күнінде, Көңіліміз жандансын. Бақ-береке орналып, Бар жақсылық таңдалсын.
©  Наурыз мейрамы
Қуаныштар көп болсын
Қазақтың наурыз тойында, Қуаныштар көп болсын. Ақ тілектер айтылып, Көңіліміз тоқ болсын!
©  Наурыз мейрамы
Құтты болсын халайық
Құтты болсын, халайық, Наурызымыз кеп жеткен. Күн менен түн теңелер, Самал желі тербеткен.
©  Наурыз мейрамы
Наурыздың бұл тойында
Наурыздың бұл тойында, Көңілді күй тербеді. Жылдың басы жаңа жыл, Жарқынды сәт, күй берді.  
©  Наурыз мейрамы
Әсем әнге
Наурыз келді ағайын, Жұлдыздайын жанайық. Ұлыстың ұлы күнінде, Әсем әнге салайық.
©  Наурыз мейрамы
Нұрға бөлеп елімді
Хош келіпсің, Наурызым, Нұрға бөлеп елімді. Шаттығыңды бере бер, Қуандырып жерімді.
©  Наурыз мейрамы
Ұлыс оң болсын
Құтты болсын, қазағым, Наурыз жаңа жылың бұл. Қуанышпен тербесін, Енген жаңа күнің бұл.
©  Наурыз мейрамы
Құтты болсын, Наурызым
Көктемменен бір келген, Хош келіпсің, Наурызым. Жақсылыққа басташы, Жылдың басы, Наурызым!
©  Наурыз мейрамы