Туған күніңмен туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 29
Өлеңдер: 28
Құттықтау, тілектер: 85

Туған күнге тілек
Туған күнде күлімдей түс, Жүзіңнен нұр кетпесін. Армандарың орындалып, Бар жақсылық беттесін.
©  Жібек Ысқақова
Туған күнің құтты болсын!
Құтты болсын туған күнің, Қуанышпен келетін. Шаттанатын думан бүгін, Әр жылда бір келетін.
©  Жібек Ысқақова
Бүгін сенің туған күнің
Бүгін сенің туған күнің, Бар жақсыны тілеймін. Алла өзі жар боп саған, Амандықта жүр деймін.
©  Жібек Ысқақова
Туған күн
Туған күнің құтты болсын, Орындалып армандарың. Денсаулығың мықты болсын, Аман болып мал-жандарың.
©  Жібек Ысқақова