Бөлім: «Тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Енді қайттік?
Алыстық,Аяқтан шалыстық.Күрестік,Мықыннан тірестікБұлқыстық,Аянбай жұлқыстық.Терледік,Бірақ бой бермедік.Үзілді бар ілгек,Түймеміз.Не бетті айтамыз..
©  Қадыр Мырза Әли
Не ұтып, неден ұтылдым?
Айтып көрді жалынып,Қорқытты да,Қоймадым.Асыққа бір салынып,Армансыз-ақ ойнадым.Досым маған тіл қатып,Досым маған қарайды.— Кетіпті ғой күн..
©  Қадыр Мырза Әли
Ән-күй мен коньки
Коньки теуіп жүргенмін,Қайдам қайтіп көргенін,Түбіт шәлі басындаТәтем келді қасыма.— Кеттік!— Қайда?!— Концертке!— Тәтежан..
©  Қадыр Мырза Әли
Шана
Жарыспақшы көп шана,Жаңа шана, көк шана!Сен бір жүйрік оқ шана,Саған жетер жоқ шана!Сынасатын кез, шана,Саған айтар сөз, шана:Мені жығып кетсең..
©  Қадыр Мырза Әли
Аязда
Аяз үйге қуып кеп,Бүгін сұмдық суық деп,Қабат-қабат киіндім,Мықтап буып-түйіндім.Сырмақ, ішік, пальтоныңСыртында бір бар тоным.Паровозша..
©  Қадыр Мырза Әли
Қуырған балық
Болды біздің жолымыз,Судан шортан суырдық.Содан кейін оны бізСарымайға қуырдық.Дәмді болып піссін деп,Салды досым бұрыштыДәмді болып піссін..
©  Қадыр Мырза Әли
Күрес
Ғайса екеуміз күресіп,Жүріп алдық тіресіп.Дуылдайды балалар,Шуылдайды балалар:— Бәсе, бәсе!— О, мықтым!— Қақ тұсынан..
©  Қадыр Мырза Әли
Таяқ жеу
Көлден іздеп жұмыртқа,Көп жүріппіз ерінбей.Қайттық содан ымыртта,Кетті ештеңе көрінбей.Сарымасаның бір кездеОртасында..
©  Қадыр Мырза Әли
Жалғыздық
Ешкім жоқ қасымда,Үй іші тып-тыныш.Жалғыз-ақБасымдаҮрей мен қорқыныш.Жұмыстан апашымНеліктен кешікті?Қашан кеп апашымАшады есікті?!Сұр көжек емес..
©  Қадыр Мырза Әли
Өкпешіл
Інім маған тартпаған,Інім менен көп бөлек:«Бір қант бердің деп маған!Жемей қойды өкпелеп.Жыламас ем өкпелеп,Жыламас ем мен өйтіп.Сол бір қантты..
©  Қадыр Мырза Әли
ҚАРА СУЫҚ
Кей күндері даланыҚара суық басады.Жеңіл жүрген баланыТоңдырып ол қашады.
©  Тұрысбек Еділбаев
БОРАН
Соғады боран, соғады,Ашулы өзі, долы әрі.Шулатып орман, даланы,Қорқытады бар баланы.
©  Тұрысбек Еділбаев
МҰЗАЙДЫН
Жылтыр мұздың үстіндеАяқ тайып тұрмайды.Керегі жоқ күштің де,Коньки өзі зырлайды.
©  Тұрысбек Еділбаев
ҚЫРАУ
Әйнекке ою салады,Көргендер таң қалады.Суретшілік өнергеҮйретеді ол баланы.
©  Тұрысбек Еділбаев
Түйе
Еркелетіп соңыңнанАқ ботаңды ертесің.Көрінеді жотаңнан,Тау сияқты өркешің.
©  Тұрысбек Еділбаев
Қозы
Күн-түн санап өсесің,Жайдақ суды кешесің.Керек саған күтім,Дайын тұр ғой сүтің.
©  Тұрысбек Еділбаев
Серке
Ай мүйізді серкесің,Қандай өзің еркесің.Отарыңды шұбатып,Қырға қарай ертесің.
©  Тұрысбек Еділбаев
Лақ
Аппақ қандай лағым,Салбырайды құлағың.Келтіресің күлкімді,Түрің неткен сүйкімді.
©  Тұрысбек Еділбаев
Бұзау
Ала белді бұзауым,Кесілмепті тұсауың.Тұсауыңды кесейін,Моншағыңды шешейін.
©  Тұрысбек Еділбаев
Дөнен
Құндыз жалды дөненім,Сені жақсы көремінШаужайыңнан қақпайын,Жүйрік етіп баптайын.
©  Тұрысбек Еділбаев
ҚҰЛЫН
 
Жібек жалды құлыным,
Желкілдеген тұлымың.        
Ылғи да асыр саласың,
Ойынға қашан қанасың?
©  Тұрысбек Еділбаев
Қарбыз
Қара ала түсі,Қабығы қатты.Қып-қызыл іші,Не деген тәтті!
©  Тұрысбек Еділбаев
Жүзім
Бір-бірлеп үзіп,Моншақтай тізіп,Жедім көп жүзім,Шамасы жүзін.
©  Тұрысбек Еділбаев
Бүлдірген
Қызықтырып баланы,Күнгейге өрлеп барады.Қолқаны алып қош иісі,Танауыңды жарады.
©  Тұрысбек Еділбаев
Жаңғақ
Базарда көп жаңғақ,Алам оны таңдап.Сырты сондай қатты,Дәні бірақ тәтті.
©  Тұрысбек Еділбаев