Тұрысбек еділбаев туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 11
Өлеңдер: 4

ҚАРА СУЫҚ
Кей күндері даланыҚара суық басады.Жеңіл жүрген баланыТоңдырып ол қашады.
©  Тұрысбек Еділбаев
БОРАН
Соғады боран, соғады,Ашулы өзі, долы әрі.Шулатып орман, даланы,Қорқытады бар баланы.
©  Тұрысбек Еділбаев
МҰЗАЙДЫН
Жылтыр мұздың үстіндеАяқ тайып тұрмайды.Керегі жоқ күштің де,Коньки өзі зырлайды.
©  Тұрысбек Еділбаев
ҚЫРАУ
Әйнекке ою салады,Көргендер таң қалады.Суретшілік өнергеҮйретеді ол баланы.
©  Тұрысбек Еділбаев
Түйе
Еркелетіп соңыңнанАқ ботаңды ертесің.Көрінеді жотаңнан,Тау сияқты өркешің.
©  Тұрысбек Еділбаев
Қозы
Күн-түн санап өсесің,Жайдақ суды кешесің.Керек саған күтім,Дайын тұр ғой сүтің.
©  Тұрысбек Еділбаев
Серке
Ай мүйізді серкесің,Қандай өзің еркесің.Отарыңды шұбатып,Қырға қарай ертесің.
©  Тұрысбек Еділбаев
Лақ
Аппақ қандай лағым,Салбырайды құлағың.Келтіресің күлкімді,Түрің неткен сүйкімді.
©  Тұрысбек Еділбаев
Бұзау
Ала белді бұзауым,Кесілмепті тұсауың.Тұсауыңды кесейін,Моншағыңды шешейін.
©  Тұрысбек Еділбаев
Дөнен
Құндыз жалды дөненім,Сені жақсы көремінШаужайыңнан қақпайын,Жүйрік етіп баптайын.
©  Тұрысбек Еділбаев
ҚҰЛЫН
 
Жібек жалды құлыным,
Желкілдеген тұлымың.        
Ылғи да асыр саласың,
Ойынға қашан қанасың?
©  Тұрысбек Еділбаев