Жан-жануар туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 601
Өлеңдер: 2
Жаңылтпаштар: 1

Қой шелді болмай,
Төлді болмайды.
Аз қойда айран барда, өре жоқ.
Қой өлсе, қозы қалады,
Келер жылы өзі болады.
Кәрі қойдың басы піскенше,
Тоқты қойдың басының
Арса-арсасы шығады.
Қойың саны мыңға жетсе,
Керегенің басынан бас кетпейді.
Ақсақ қой ауыл қасында,
Ия құдық басында.
Тоғыз қабат торқадан,
Тоқтышағымның терісі артық.
Тоқты тоймас,
Шөміш кеппес.
Тәңір асыраған тоқтысын
Қасқыр жемейді.
Қойға қоңырау жараспас.
Сүтсіз қой — маңырауық.
Қой егіз тапса,
Шөптің басы айыр туады.
Қасқырдың ойлағаны — арамдық.
Қойдың ойлағаны — амандық.
Еркек қой бұралқы болмас.
Жаман қой ісегінде қартаяды.
Қарақұрт жесе
Қой семіреді.
Жаман жасаққа жарамайды,
Желінсау қосаққа жарамайды.
Арық қой — тырысқақ,
Аш адам — ұрысқақ.
Семіздікті қой көтерер.
Ақсақ қой жатып семірер.
Ісек қойдың басы үлкен,
Саулық қойдың жасы үлкен.
Екі қошқардың басы
Бір қазанға сыймас.
Қойдың сүті — қорғасын.
Малды бақсаң қойды бақ,
Май кетпейді шарадан.
Ит асырасаң сырттаннан
Қой бермейді қорадан.
Бөлтірікті қанша асырасаң да,
Тоғайға қарап ұлығанын қоймайды.