29.09.2022
  739


Автор: Тәрбиешілер күні

Жалындасын істеріңіз

Тәрбиеші ұстаздар бала қарар,
Жалындасын қашанда істеріңіз.
Ден сау болып тек алға жүріңіздер,
Еңбек жолда сарқылмай күштеріңіз.

Арайлы таң нұрына бөлей берсін,
Көңіліңіз шадыман күйге еніп.
Қыдыр ата қолдасын лайым әркез,
Бар жақсысын ұсына үйге еніп.

Бала көңіл жадырап жайнай берсін,
Қуанышқа кенеліп бала көңіл.
Тәрбиеші апайлар тілеріміз,
Шын жүректен сіздерге жарқын өмір.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу