29.09.2022
  2422


Автор: Тәрбиешілер күні

Тәрбиеші апайлар сіздер барда

Тәрбиеші апайлар сіздер барда,
Көңіліміз жай біздің, өміріміз.
Баламызға мейріммен қарайсыздар,
Қашанда зор сіздерге сеніміміз.

Әрбір күні лайым тәрбиешілер,
Істеріңіз сәтті боп жалғансын тек.
Балаларды ойнатып, қарайсыздар,
Әрқашанда біздерден сізге құрмет.

Жандарыңыз көрмесін жаманшылық,
Бар жақсылық орнасын Алла қолдап.
Істеріңіз еленіп, жеміс беріп,
Жаратқаным жар болсын әркез қорғап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу