Өлеңдер ✍️

  27.09.2022
  246


Автор: Арқалық Әмәлиятұлы

Тәуекел

Сыңары боп сыңары жоқ қайғының,
Мұңдарыммен мұңлық болып ләйлідім.
Серт беріп ем мен өмірді сүйем деп,
Айныдым.
Шаттығымды ұрлады күн, тонады ай,
Бақ та менен үрке қашты жоламай.
Бұрымына бұғау салды бір сұлу,
Обал-ай!.
Қайда- қайда бастап кетті мына күн,
Таусылар деп ойламаппын шыдамым.
Сенген досым сатып кетті дәл кеше,
Жыладым...
Жігіт едім, көздің жасы қай теңім,
( Ей, Тәңірім, өзің ғана айт емін).
Жүрегімді жұбатпайды ешкім де,
Қайтемін?
Кіл мұңдарды кісінетпей кісенмен,
Нартәуекел, төтесінен түсем мен.
Бокалыма толып қалған қайғыны,
Ішем мен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу