Өлеңдер ✍️

  27.09.2022
  79


Автор: Арқалық Әмәлиятұлы

Жаңбыр үнсіз

Кешегідей тағы жаңбыр жауса деп,
Телміремін терезеден аспанға.
Сендік мұңдар маған жел боп ауса деп,
Тілек айттым, тым жылауық ақпанға.
Мені тағы мазақтады жарық ай,
Бар ма біреу сол айменен бағы тең?
Кешені ойлап, нем бар еді, тәңір- ай,
Сағындырдың тағы сен.
Кеше, кеше.
Менде кеше барма еді,
Есімде әйтеу біреу үшін кешкен от.
Сен жыладың себеп қылып әр нені,
Басқа ештеме есте жоқ.
Ал бүгінгі сенің, менің, күйім не?
Еш жақындық, күте алмадық ешкімнен.
Үнсіз ғана болатынын сүюге,
Кешір мені кеш білген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу