Өлеңдер ✍️

  24.09.2022
  325


Автор: Шөмішбай Сариев

Туған жер

1. Туған жер – орман бауларым,
Қыздарындай гүлі бар.
Ғажайып арман тауларым,
Ұлдарындай шыңы бар.
Қайырмасы:
Туған жер!
Арманымменен
Самғадым сенен, мен!
Туған жер!
Бұл әнім саған,
Арналсын, далам, сен, туған жер!
2. Туған жер – бақыт көгінде,
Аққу арман ұшады.
Көзінен нұры төгілген,
Жан анамдай құшағы.
Қайырмасы.
3. Туған жер – бала кезімдей,
Сені аңсап жүремін.
Аяулы достар көзіндей,
Мәңгі сақтар жүрегім.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу