Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  95


Автор: Ғұсман Жандыбаев

БIР ЕСЕП

Көрмесе де тұлпарлардың шаңын да,
Тұяғымен шаң боратар есектер.
Мысық шiркiн тышқан алар шағында
Жолбарыспен өзiн бiрдей есептер.
Өзiн осал санамайды еш пенде,
Қойшы оны да, есек деген – бұл есек.
...Көп мыңғырттың ортасына түскенде,
Миғұла мен ғұламаңыз – бiр есеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу