Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  70


Автор: Темірше Сарыбаев

СЕН ҒАНАСЫҢ

Бұл өмірден жоқ білем енді аласым,
Көзім шалып келеді көмбе басын.
Думаным да,
Әнім де,
Бақытым да
Сен ғанасың,
Аяулым, сен ғанасың!
Сен ғанасың бар биік,
Асқарым да,
Дәурен тайып барады қас қағымда.
Ақырына жеткізбей тоқтай алман,
Тәуекел деп бір талап бастадым ба?
Сенсең де сол,
Еркіңде сенбесең де,
Өзің болып шалдыққам мен кеселге.
Келеге де келуім екіталай,
Ақыл айту артықтау енді есерге.
Көктем нұрын сыйлады,
Күзім гүлін,
Ынтықтырды сол гүлге үзілдіріп.
Тағдырыма ризамын мәңгі-бақи,
Жарқынырақ сондықтан жүзім бүгін.
Гүлтобылғы жел соқса үлпілдеген,
Бақытты адам бар ма екен, шіркін, менен?!
Әміріне Алланың құл болайын:
Қызғалдаққа оран да, құлпыр деген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу