Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  75


Автор: Темірше Сарыбаев

ҮЛГЕРЕМІЗ

Күйдік-жандық,
Айналдық алауға біз.
(Сол алауға қызығып қарау да – аңыз).
Ел есітіп, дүрлікті, екеуімізді,
Енді, міне,
Тордамыз,
Қамаудамыз.
Қамаудамыз,
Кәдімгі түрмедеміз,
Жан едік қой жайраңдап жүрген егіз.
Қапастан да дауа жоқ құтыламыз,
Бостандыққа бой жазып үлгереміз.
Үлгереміз!
Сау болсын сабыр-қанат,
Жанып ек-ау жанудай жалындап-ақ.
Тозған тондай қалады тоз-тоз болып
Сыртымыздан сиықсыз тағылған ат.
Біледі әлі ойыннан от шығарын,
Махаббаттың мақтайды жоқшыларын.
Бізге қарай ұшады жұбын жазбай,
Түу шалғайдан талдырып топшыларын.
Алды-артына ешкімді қаратпаймыз,
Байлықты да,
Бақты да санатпаймыз.
Бұтақтары бұқтырып бұлтты үйірген,
Бітімі де бөлектеу дарақтаймыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу