Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  60


Автор: Гүлайша Ерахмет

Шайырлар жырын жалғағам

Тəтті армандарды тəртіптеріме көгендеп.
Еппенен сосын есігімді ұрады өлең кеп,
Жырыма құлмын, Жаратқаннан соң, расым,
Жүрегім сыздап, орталағанда қуатым,
Жүргені үшін мені емдеп.
Сəттерім де көп көзім мен көңілім арбасқан,
Басқадан емес, бағымды іздеймін бармақтан.
Мұздадым, тоңдым көшіне өмірдің ергелі,
Көрпеге сенбеймін – жылытқан жоқ ол мені,
Жырларым ғана жанымның отын маздатқан.
Жағадан жауың алғанда, иттер балақтан,
Əл-дəрмен жинап аламын іштей аяттан.
Досың да ондай жадырата алмас жаныңды,
Долларың да ондай тулата да алмас қаныңды,
Қандай ғажайып, қазақша күй мен қазақша əн.
Бойжеткенің ем, шайырлар жырын жалғаған,
Өлеңім болды өмірден сүйген ханзадам.
Ханзадама еріп қаншама жерге барармын,
Иманды жігіт жолыққанынша маған бір,
Алдансам соған алданам.


Жандардың өзі жанашырым деп санаған,
Жақсылығыңа жаман көзімен қараған.
Түнге де сенбеймін нəпсілерге от қоятын,
Күнге де сенбеймін кеш батса ғайып болатын,
Ханзадаға ерем, ал, саған сенем, Тағалам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу