Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  81


Автор: Ақылбек Манабаев

Қашанғы жүре берем жасып, бұғып...

Қашанғы жүре берем жасып, бұғып,
Айтайын ақ сырымды ашып тұрып.
Нұр жүзің,
Гүл мінезің,
Ерке назың,
Мәңгілік қойды өзіңе ғашық қылып.
Кеудемде астан-кестен сапырылды,
Тұтанған асау сезім тасып тұнық.
Саған деген беймаза сағынышым,
Жанға тыным бермеді асықтырып,
Өзіңді іздеп аттандым,
Қарсы алдымнан
Күн боп шықшы шұғылаңды шашып күліп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу