Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  97


Автор: Ақылбек Манабаев

МҰҚАҒАЛИ

Ту ғып ұстап ылғи жақсы жыр атын,
Соған ғана бағыштап ой-мұратын,
Алматының көшесінде алшаңдап
Жүруші еді алпамсадай бір ақын.
Тілектес боп озғандарға бағы асып,
Шаршы топқа кететұғын жанасып.
Шын жақтырса жаныңды ұғар тереңдеп
Тектілігі тентектікке жарасып.
Келбеті оның айбарлы да ашулы,
Жабықса да білмейтұғын жасуды.
Әлдекімше тайсақтамай таласса,
Ұнататын сөз көрігін басуды.
Кейбіреудің кикілжіңін ескермей,
Шындық үшін күресетін дес бермей.
Өз қалауын айтып салып сескенбей
Мықтылығын танытатын төс кермей.
Ақ жарылсаң екі беті албырап,
Бас изейтін қалың шашы жалбырап.
Аңқылдаған көңілдерді ұнатып,
Кесірлікті кешірмейтін ал,бірақ!
Өлеңдерін оқып беріп ерінбей,
Ортасынан ешқашан да бөлінбей.
Жүруші еді, көптен бері сол ақын
Жыры аспандап,өзі кетті-ау, көрінбей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу