Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  108


Автор: Ақылбек Манабаев

БОЗТОРҒАЙ

Жаныма тәтті күй ұқтыр,
Айналайын жыршы құс.
Қанатыңды сүйіп тұр
Алаулаған күншығыс.
Таза ауаны сіміріп,
Қылықтайсың сен көкте,
Білегімді түрініп,
Мен жүремін еңбекте.
Көкейіңе ән құйған,
Сен сүйесің далаңды,
Мен сүйемін дән жиған.
Қоңырқай рең адамды.
Екеумізді аялап,
Нұр төгеді күн ерке,
Бейбіт мекен, сая бақ,
Мынау жарқын гүл өлке.
Төгіл, жырла,
Жасқанба,
Бозала таңға жарасып,
Әлемнің көзі – аспанға
Құс болып біткен қарашық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу