Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  150


Автор: Ақылбек Манабаев

ЖОЛДАС

Жолдас, жолдас! Құлағыма тым ыстық,
Жастайымнан өстім соны тыныс қып.
Жолдас! Бүкіл адамзаттың ниеті,
Дүниені мекендеген тыныштық.
Жолдас!
Халқы осы сөзбен аталы,
Ұлы көсем Ленинге тіл қатады.
Жолдас маған маужыраған табиғат,
Ай мен жұлдыз, таңның алтын шапағы.
Жолдас – маған нұрын төккен көкте күн,
Жолдас – маған жақсы өмірім, мектебім.
Жолдас – маған ар, ұятым, еңбегім,
Орнататын коммунизм көктемін.
Жолдас – маған жүректердің жарлығы,
Жолдас – маған достың назы, жар мұңы.
Жолдас болып жасаса ғой мәңгіге,
Тыныспаған тіршіліктің барлығы!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу